В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
keke717
keke717
12.04.2022 06:37 •  Қазақ тiлi

Астана мұхитбағы ТМД елдері ішіндегі алғашқы жəне жалғыз мұхитбақ Астана қаласында ашылды. Бұл – мұхиттан 3000 шақырымнан аса қашықтықта жатқан əлемдегі жалғыз океанариум. Мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. Мұхит суын əзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Əлемнің əр түкпірінен теңіз жануарларының жүзден аса түрінің 2000-нан аса данасы əкелінген. Мұнда арнайы жасалған 11 шақырымдық құбырлар, 34 күшті сорғы, 6 құм сүзгілері, судың химиялық құрамы мен мөлдірлігін қамтамасыз етіп тұратын су тазартқыш мұхитбақ мекендеушілерінің өмір сүруін қамтамасыз етіп тұрады. Мұхитбақ үлкен аквариумнан жəне əр түрлі көлемдегі он бір аквариумы бар екі көрме бөлімінен тұрады. Океанариумның ең қызықты бөлігі – үлкен аквариум. Оның түбінде жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік əйнек туннел бар. Əйнегінің қалыңдығы – 7 см. Осы суасты туннелі арқылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қол созым қашықтықта серуендеп жүре аласыз. Мұнда мұхитбақтың ең үлкен мекендеушілері – акулалар, алып теңіз алабұғасы жəне басқа да үйірлі балықтарды көріп тамашалауға болады.Көрме бөлімдеріндегі аквариумдардан таңғажайып теңіз жануарлары мен балықтарының жекелеген түрлерін кездестіресіз. Бірінші көрме бөлімінде Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы су қоймаларының балықтары топтастырылған. Мысалға, бұл жерден нағыз жыртқыш пираниялар мен оның шөпқоректі жуас туыстарын, теңіз жұлдыздарын, түрлі шаяндарды табуға болады. Екінші көрме бөлімінде: теңіз аттары, теңіз инесі, сиыр балық, ит балық, түлкі балық, актиниялар тəрізді маржан жартастарын мекен етушілер топтастырылған. Бұл жерден қауіпті балықтар: кірпі балық, тас балық мурена, т.б. көре аласыз

Мәтінмен күрделі сөздерді теріп жазыңдар
Біріккен
Қысқарған
Тіркескен


Показать ответ
Ответ:
ЛадаПодмаркова
ЛадаПодмаркова
14.07.2021 16:18
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Ең алдымен  мемлекетіміздің  гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, әнұранымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге келді.  Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды. Бүгінде тәуелсіз отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр.
0,0(0 оценок)
Ответ:
daria200205
daria200205
11.12.2020 07:09
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота