Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 см. Бесікте баланың жағдайынан хабар беретін бірнеше құрылғы бар. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жаялықтың ылғалдылығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбыс ескерту айтады. Бесік тербелгенде қондырғыға егізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады. Smart Бесік ата – анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы да болады.
І. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беріңдер
1. Мәтін не туралы?
2. Бұл тербелетін бесікті ойлап тапқан кім?
3. Серікбол Шәймардан тербелетін бесік жасап шығаруға қанша жыл уақытын жұмсаған?
4. Бесіктің қандай ерекшеліктері бар?
5. Бесіктің ұзындығы, ені, биіктігі қанша сантиметр?
6. Smart Бесік ата – анаға қандай құрал бола алады?
1)бесік туралы2)серікбол шәймардан3)6жыл4)бесіктебаланың жағдайын беретін бірнеше құрылғы бар, тәрбие құралы5)ұзындығы 100см, ені40см, биіктігі 60см6)тәрбие құралы бола алады