В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ева518
ева518
05.04.2023 15:23 •  Қазақ тiлi

Асыл - махаббаттың айшықты ескерткіші "кыз жібек" шығарма керек,отинемин комектесіңіздерші!

Показать ответ
Ответ:
HamstersLOKKI
HamstersLOKKI
20.06.2020 08:41

Шығарма.

"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.

Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.

Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота