Ата-анамды үлгі тұтамын Менің атым – Әнел, Мен алтыншы сыныпта оқимын. Біздің отбасымы-
зда үш адам бар: әкем, анам және мен. Біздің отбасылық дәстүріміз бар.
Әкемнің мамандығы – заңгер. Ол кісі
заңгер. Ол кісі — өте білімді, дарынды, жауап-
кершілігі жоғары адам. Ол маған қатал талап қояды. Анам емханада
дәрігер болып жұмыс істейді. Ол – ақылды, мейірімді жан,
Әкем де, анам да мені қолдайды, түсінеді. Ата-анам мені жақсы көреді,
еркелетеді, білмегенімді үйретеді, «Өзімшіл болма!» - деп ескертеді.(перевод)
- Гүлсая, Астана-өте әдемі қала екен.
- Иә, Ернұр, Астана- үлкен әрі әдемі. Ертөреге Астананың көрікті жерлерін көрсетейік!
-Жарайды, Гүлсая. Жүр, Ертөре, Астананы аралаймыз.
- Мен Нұрасылға хабарласайын. Оны да ертіп алайық.
- Қателеспесем, биыл Астананың 20 жылдығы аталып өтілді ме?
- Ия, Ертөре, Тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы, Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
- Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астанамыз мақтануға тұрарлықтай көрікті екен!