В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
varich83
varich83
15.09.2022 13:29 •  Қазақ тiлi

АВС жане DEF ҮШБҰРЫШТАРЫ ТЕҢ. АС=6 СМ ,DE=AB=3 СМ.ЕF=5 СМ DF ЖАНЕ ВС ҚАБЫРҒАЛАРЫН ТАБЫҢДАР​

Показать ответ
Ответ:
matvejp816
matvejp816
18.08.2020 11:28

Бақыт деген не?

Бақыт дегеніміз не? деген сұраққа бір сөбен жауап беру қиыншылық тудырады, себебі әркім бақытты әрқалай түсінеді, тіпті адам өмірінің әрбір кезеңінде түрлі материадық және рухани құндылықтарды бақыт деп есептейді.

Әдетте, үлкен кісілер «бақыттың ішіне бәрі де сыяды» деп жатады, менің ойымша, бұл өте орынды сөздер. Мысалға, біреу үшін денінің саулығы бақыт болса, енді біреуінің ойынша, ол отбасы мүшелерінің амандығы, тағы басқа адам бақытты байлықтан іздейді. Есейе келе, менің де бақыт жайлы ой - пікірім өзгерген сияқты. Мысалға, бала күнімде мен үшін бақыт дегеніміз - жаңа ойыншық, әдемі көйлек, ата - анаммен қыдырып, ойнау бақыт болса, қазір бой жеткенімде мен үшін бақыт - ол сабағымды жақсы оқып, ата - анамның маған артқан үмітін ақтап отырғаным. Үйдегі жеңгемнен «Сіз үшін бақыт деген не?» деп сұрағанымда, ол кішкене бөпесінің сыңғырлаған күлкісі мен отбасының амандығы деп жауап берді. Ал анам болса, «бақыт дегенім сендердің аман жүргендерің» дейді. Міне, көрдіңіздер ме, қарап отырсаңыздар, шынымен де бақыттың ұғымы өте кең, өміріміздің барлық жағын қамтиды. Дегенмен де, әр адам бақыт дегенді  әр түрлі түсінгенімен де, барлық адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Angeloc2567
Angeloc2567
27.11.2022 23:56
.Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына
бірнеше жыл өтті. Бұл халықтың ержүректілігі мен
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғысты қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен
ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті
шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал
бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Ұлы Жеңіс
күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына,
жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл
елі болып еске түсіреді.  Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген
15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат
еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен
Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да
көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең                                             
ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін,
келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты

Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар
Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін
болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны,
Қырымды, Прибалтиканы азат етті,

Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына,
жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса
жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын
алды.      


Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз
бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға,
майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.Шығанақ
Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек
даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз
Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?!Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті
еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері
ұмытылмайды.      Бүгінде біздің азаматтық
міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары,
достық пен бірлік  туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота