В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Lool199865
Lool199865
19.11.2021 16:14 •  Қазақ тiлi

Қазақ әдебиеті 6-сынып 3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
1-бөлім:
1.« Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда надан болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып »- деген өлең жолдарының идеясы қандай?
А) адам болу, еңбекке ұмтылу
В) білім алу, надандықтан қашу
С) өнер-білімді насихаттау, өмір сүру
Д) білім үйрену, отанды сүю[1]
2. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңінде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселені анықтаңыз
А) надандықпен күрес мәселесі
В) өнер мен мәдениет мәселесі
C) салт-дәстүрді сақтау мәселесі
D) тәлім-тәрбие мәселесі [1]
3. Аянның типтік бейнесі қай қатарда дұрыс сипатталған?
A) төзімді, бауырмашыл, ынжық, білімді
B) ұқыпты, жігерлі, қызуқанды, зерек
C) намысшыл, ақкөңіл, шыдамсыз, өнерлі
D) ) мейірімді, жігерлі, төзімді, зерек [1]
4. Тортайдың жалғыздығы мен жетімдігін ұмыттырған типтік бейнесін анықтаңыз
А) достыққа адал
В) төзімді, мықты
С) кітапқа құмар
Д) аңғал, арсыз [1]
5. Қажымұқан балуандар мектебінде не үшін демалыссыз жаттыға бастады?
А) Париж қаласына барып өнер көрсету үшін
В) французша күрес әдісін Дубныймен бірдей үйреніп шығу үшін
С) Ресейдің атақты балуандарымен бақталасу үшін
Д) цирк алаңында өзін көрсету үшін [1]

2-бөлім:
6. « ...Онан бір кезде Аян:
- Менен де жусанның иісі шығып тұрады, ағама тартқанмын. Міне, иіскеп көріңдерші, – деп өз омырауына тұмсығын тықты. Біз дереу кезектесіп, оның омырауын иіскеуге кірістік. Өзі айтқаннан ба, әлде шынымен солай ма, әйтеуір, Аянның омырауынан бұрқырап жусанның иісі шығып тұрғандай көрінді бізге...»«Жусан иісі» шығармасынан алынған үзіндіден қандай әсер алдыңыз? Эпизодтың маңыздылығына 3-4 сөйлеммен негіздеме жасаңыз.
[2]
7.Автордың «Тортай мінер ақбоз ат... менің тақымымда кеткендей еді... иесіне қайтаруға кеш еді...»деген өкінішті сөздері несімен маңызды? Өз ойыңызды шығармадан дәлелдер келтіре отырып жазыңыз. ( 3-4 сөйлем)
[2]
8.С.Торайғыровтың:
«...Тұрмыс, тағдыр – бірі де,
Бұл мақсаттан бұра алмас.
Қаһарман Рүстем, Әли де,
Бұрам деп жолда тұра алмас...» - деген өлең жолдарының мағынасын ашыңыз.Автор бейнесін сипаттаңыз.
[2]
9. «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін
Болмасам толған айдай балқып туған » - деген өлең жолдарынан троптың түрлерін анықтаңыз. Қолдану себебін түсіндіріңіз (3-4сөйлем) [2] 10. «Мұқан мектепке түскенде дала жайылымының көбең жылқысындай денесінің олпы-солпысы көп еді. Оқудағы алты ай жаратқан аттай сұлулап, сымға тартқан күмістей түзеп жіберді.»
Автор қандай көркем ауыстыруларды қолданған?Не мақсатпен қолданғанын түсіндіріңіз. (3-4 сөйлем)
[2]
3-бөлім
11.Кейіпкерлердің қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, «Соғыс ұрлаған балалық шақ» тақырыбында эссе жазыңыз. Жазба жұмысыңызда Аян мен Тортай өмірін сипаттаңыз. (80-100 сөз)[5]

Показать ответ
Ответ:
Каролина311
Каролина311
17.04.2021 10:00

ответ:1-бөлім:

1.« Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жиһанда надан болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп надан болып »- деген өлең жолдарының идеясы қандай?

В) білім алу, надандықтан қашу

2. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңінде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселені анықтаңыз

А) надандықпен күрес мәселесі

. Аянның типтік бейнесі қай қатарда дұрыс сипатталған?

D) ) мейірімді, жігерлі, төзімді, зерек

4. Тортайдың жалғыздығы мен жетімдігін ұмыттырған типтік бейнесін анықтаңыз

С) кітапқа құмар

5. Қажымұқан балуандар мектебінде не үшін демалыссыз жаттыға бастады?

В) французша күрес әдісін Дубныймен бірдей үйреніп шығу үшін

2-бөлім:

6. « ...Онан бір кезде Аян:

- Менен де жусанның иісі шығып тұрады, ағама тартқанмын. Міне, иіскеп көріңдерші, – деп өз омырауына тұмсығын тықты. Біз дереу кезектесіп, оның омырауын иіскеуге кірістік. Өзі айтқаннан ба, әлде шынымен солай ма, әйтеуір, Аянның омырауынан бұрқырап жусанның иісі шығып тұрғандай көрінді бізге...»

туған жерге, ағасына деген сағынышты бейнелейді. Жусан тек қазақ жерінде өседі. Алыста жүрген адамға туған жердің тасы да ыстық.

7.Автордың «Тортай мінер ақбоз ат... менің тақымымда кеткендей еді... иесіне қайтаруға кеш еді...»деген өкінішті сөздері несімен маңызды?

Бұл сөздердің мағынасы әттең бұл атты Тортай мінсе ғажап болар еді, соған арналғандай екен. енді уақыт өтіп кетті уақытты қайтаруға болмайды. Сондай ақ бұл атты Тортайға беруге де кеш қалдық деген өкініш.

8.С.Торайғыровтың:

«...Тұрмыс, тағдыр – бірі де,

Бұл мақсаттан бұра алмас.

Қаһарман Рүстем, Әли де,

Бұрам деп жолда тұра алмас...» - деген өлең жолдарының мағынасы алдына қойылған мақсатты қаншалықты қаһарман , әлді болсада өзгерте алмайды деген мақсатта айтылған. Автор бейнесінен өжеттілікті, мақсатқа ұмтылушы қайсар жанды бейнелейді.

9. «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін

Болмасам толған айдай балқып туған » - деген өлең діақын былай деп қорытады: ...Достарым, оған шейін асықпаңдар, Алдыңда әлі ататын жарық таң бар. “Жарық таң” дегені ізденімпаз жастың алдына қойған өмірлік маңызы бар мақсаттарының толықтай орындалып, ел игілігі үшін еңбек етуге жараған сәті еді. Кеудесіндегі жұдырықтай жүрегінің әмірімен алдына “толған мақсат, таңдау” қойған Сұлтанмахмұт үшін өмір биігі халқына қызмет ету болды. Адам өмірі қызмет, дәулетпен емес, артына қалдырған ісімен өлшенбек.

10. «Мұқан мектепке түскенде дала жайылымының көбең жылқысындай денесінің олпы-солпысы көп еді. Оқудағы алты ай жаратқан аттай сұлулап, сымға тартқан күмістей түзеп жіберді.»

Автор  дала жайылымның көбең жылқысындай, сымға тартқан күмістей деген көркем ауыстыруларды қолданған.

Дала жайылымының көбең жылқысы  деген сөз семіз, семірген, денесін май басқан деген мағынада, ал сымға тартқан күмістей деген сөз күмісті ерітіп жіңішкелеп зергерлік бұйым жасайды, ал баламасы денесі шыныққан артық еті жоқ деген мағына береді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота