В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lolkekcheburek2281
lolkekcheburek2281
09.10.2020 12:51 •  Қазақ тiлi

Берілген сөздерді тірек етіп, сурет бойынша әңгіме жазыңдар.
мәтінде болжалдық сан есімдер болсын.
номер 4 сделайте много

Показать ответ
Ответ:
1Sn1KeRS11
1Sn1KeRS11
21.08.2022 10:36

Досым, мен атам мен әжемнен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы көптеген мағлұматтар алдым. Міне, енді өзімнің осындай жақсы жаңалықтарыммен өзіңмен бөліскім келеді. Сен бесіктің не екенін білмейтін боларсың? Бесік жаңа туған нәрестенің жатын орны. Оны ұсталар ағаштан өрнектеп жасайды, бесіктің түрлі жабдықтары болады. Сәбиді бесікке салу үлкен мереке. Бұған ағайын-туыстар жиналады, көпшілігінде болатын әже, апалар. Бесікке нәрестені сыйлы, халық алдында абыройлы кісі салады. Бесікке бөленген нәрестеге арнап бесік жыры айтылады. Балаға бата беріледі. Бесікке бөлеген анаға сыйлық тарту етіледі.

Шілдехана - нәресте перзентханадан үйге келгенде жасалатын той. Ағайын, дос, бауырлар жиналып, дастархан басында балаға құтты болсын айтып, бата, тілектерін білдіреді.

Балаға діни қызметкер немесе үлкен аталар баланың құлағына азан шақырып ат қояды.

Тұсау кесер- бала тәй-тәй басып енді жүре бастағанда ата-анасы халқын жинап, елдің құрметті азаматына баласының тұсауын кестіреді. Бұндағы мақсат бала өмірде сүрінбесін, жолы ашық болсын, саналы, салауатты адам болсын,-деген.

Әзірге айтарым осы, сау бол досым.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Hotaru385
Hotaru385
26.07.2020 23:01

«Білім беру саласындағы инновация туралы ойым» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркежан: Анашым, бос уақытыңыз бар ма?

Анасы: Әрине, жаным. Айта бер.

Еркежан: Үй тапсырмасын орындауға сіздің көмегіңізқажет болып тұр.

Анасы: Иә, қандай тапсырма? Сұрай ғой.

Еркежан: «Білім беру саласындағы инновация» жайлы мәлімет айтып берсеңіз, қанша дегенмен сіз жоғары оқу орнында жұмыс істейсіз ғой.

Анасы: Алдымен, «Инновация деген не?» сұрағына жауап беріп көрейін. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.

Еркежан: Сонда өз сөзімізбен айтсақ, білім беру саласындағы жаңашылдық десек бола ма?

Анасы: Әрине, жаным. Осылай да дұрыс болады. Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.

Еркежан: Керемет, сонда біздің елімізде білім саласында қандай жаңалықтар бар, осыны айта кетсеңіз?

Анасы: Модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы;  желілік технология; интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.

Еркежан: Атаулары таныс. Мектептегі мұғалімдеріміз осы аталған инновациялық технологияларды қолданады.

Анасы: Бұл технологиялар оқу үрдісін тиімді етуге көмектеседі. Саған қай технология көбірек ұнайды?

Еркежан: Маған, әрине, интерактивтік, интернет және мультимедиа технологиялары аса қатты ұнайды. Себебі бұлар заман талабына сай келеді деп есептеймін, әрі оқу процесі де қызықты өтіп, өз бетімізбен көп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Анашым, көмегіңізге көп рахмет!

Анасы: Оқасы жоқ, құлыным.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота