Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, бір сөйлемге дейін ықшамдаңыз.Мәтінді ықшамдауда есім сөздерді жалғаулар арқылы түрлендіріп жазыңыз. Түпнұсқа мәтін
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.Мінез-құлқымен тығыз байланыста
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
-Тағы да біз металл және металл еместерді көріп тұрмыз, бұл жиынтықты бізге археолог әйел сыйлаған болатын.
-Жомарт әйел, оған рахмет
-Енді біз тау-кен техникумының қайнар көзі болып табылатын директорлардың суреттерін тамашалаймыз.
-Ең ұзақ уақыт аралығында директор болған кім?
-Куценко, енді біздің мұғалімдеріміздің суреттерін қараймыз
-Міне Әлия Бейсенбаева, әне Сәуле Ибраевна, әлі тым жас , ал біздің куратор Андрей Серикович қайда?
-Оның жұмыс істеп жүргеніне тек 2 жыл болды, сондықтан біз оның суретін қоймадық. Сізге ұнады ма?
-Иә, өте