В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
khinmy
khinmy
26.04.2021 10:13 •  Қазақ тiлi

Би өнері сочинение на казахском языке

Показать ответ
Ответ:
Vikula2404
Vikula2404
14.08.2020 13:52
Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып, қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды. Ал шартты дағдыға (рефлекс) негізделген дене қимылы бидің алғышартын қалады.

Адамдардың күнделікті еңбекпроцесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғатқұбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным- сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.

Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық-мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан-жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл-әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота