Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы
өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны
шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып
қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі ірілең-
кіреп, бозбалалық қалпына бейімделген.
Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық,
балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созыл-
ған сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын,
бойшаң ғана өсімдік бейнелес.
Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы
да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық
және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір,
бозғылданған.
Сұйықтау қоңыр шашының арасынан
бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. Ода
ауырғандық пен күн көзінде болмағандық-
тың белгісі.
Абайдың осы сияқты қалпына ендігімінез
машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті.
ішінен дара және күрделі сан есімді тап
Жаз
Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда.
Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- щіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді.