Қиялдың жетегіне еріп, армандамайтын адам жоқ шығар. Менің бала күннен арманым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.
Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.
Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.
Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі менің ойымды түйіндей түседі:
Сөз жоқ Қажығали Мұханбетқалиұлының “Тар кезең” романы ХХІ ғасырда қазақ әдебиеті қазынасына қосылған құнды шығарма. ХХ ғасырда жазылған Шерхан Мұртазаның “Қызыл жебесі”, Мұхтар Мағауиннің “Аласапыраны”, Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогоиясының үшінші кітабы “Қаһары” тарихи-әлеуметтік, ұлт-азаттық көтеріліс және халықтың тұрмысы жағына біз сөз етіп отырған “Тар кезең” романдарымен үндес келеді. Ол заман өте қиын болғаны анық. Батырларымыз жерлерді сақтап қалу үшін осындай көтеріліске шығуға мәжбүр болған. Қорыта айтқанда, Қажығали Мұханбетқалиұлының “Тар кезең” романы ХVІІІ-XIX ғасырлардағы қазақ халқының отаршыл саясатқа қарсы қалай көтеріліске шыққанын баяндайтын, қазақ халқының батыры Сырым Датұлының өмірінен сыр шертер құнды шығарма.
Тәтті қиял.

Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самолеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді! ...