В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
tanygina067
tanygina067
14.09.2020 14:45 •  Қазақ тiлi

Экология және денсаулық» тақырыбына эссе жазыңыз

Показать ответ
Ответ:
максим885б
максим885б
10.10.2020 20:40

ответ:Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда а экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.

Экология – «мекен ететін табиғи орта туралы ғылым» деген мағыныны білдіреді. Шынындада экология өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығынсақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш1866 жылы «экология» терминін неміс биологы Э.Геккель өзінің еңбегінде қолданған және  «Экология – тірі ағзалардың бір-бірімен қарым–қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым» деген анықтама берген.

Ауылдық жерлерде экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әліде тартуда: рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғарлауы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндіріс, құралдарын жасап, сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде. Семей аумағында кәзір 700 мыңға радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топрақтан, күн сәулесіне келетін немесе жасанды жолмен, флюорография, теледидар арқылы, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан, т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді. Өсімдік – тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегі қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактериялардың жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Оның медицинада алатын орны ұшаң – теңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде–бір жетілген механизм атқара алмайды.

Табиғи ортаны ластанбауына адамдардың терең түсінігі  керек. Біз қоршаған ортаны қорғаймыз десек, балабақшадан бастап экологиялық  тәрбиені үйреткеніміз дұрыс. Ата аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді.    

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота