В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
anitabmw
anitabmw
06.01.2020 05:40 •  Қазақ тiлi

Эссе на казахском на тему я сын гор надо​

Показать ответ
Ответ:
nam0
nam0
20.11.2020 07:12

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, қас — қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.

Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.

Ақынның шын мәнінде шеберлігі – ол қолданған әрбір амал — адам бейнесін ашуға қызмет еткен. Ақын поэзиясында табиғат көріністерін, пейзажды әшейін бір уақыт кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамайды, онда адам бейнесін толықтыра түсетін тәсілдер мол. Әрі көркемдік — философиялық иірімдер мен сарындар, түйіндер мен мазмұндар арқылы өте жарқырап көрінеді. Ақын адам мен жаратылыстың үндестігін жырлайды. Ол жаратылыстың көп құбылысынан адам болмысына тән сипаттарды аңғарады. Содан да болар ақын табиғаттың әр бөлшегімен, көрінісімен ашық сырласады, мұңына ортақтасады. Ақын атаулы табиғат пен жаратылыстың құбылысына жақын болады.

Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз бен мұң жүреді. Осы бір алма — кезек ауысқан көңіліне жұбаныш, жанына тыныш беру үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың табиғатына тән кеңдікті, кеңістікті іздейді, сахараны көргісі келеді. Табиғаттан пана іздейді.

Адам мен табиғат. Ақын бұлардың тұтастығын сұңғыла философтарға тән түйсікпен ұғынған. Белгілі суреттерден белгісіз сырларды аңғарды. Ақынның «Тау өзені» деген өлеңінде бала шопаннан таяқ жеген серке ата шопанның соңынан маңырайды. Ол бекер маңырап тұрған жоқ, адам мен табиғаттың арасы алшақтанып, оның соңы дүлей құбылыстарға ұрындыратынын сезді. Сол үшін де шығар, ақын қайыңнан «өмір сүрейік алмасып» деп өтінеді. Сол қайыңнан адамдар тіршілігін көргісі келеді. Ол адамдар арасындағы қарым — қатынасты суреттесе де, табиғат көріністеріне үңілсе де, өткен тарих жолына көз салса да, адамның таусылмайтын арманын, өлмейтін махаббатты, үзілмейтін сағыныш сезімін, біріне — бірі жалғасып жатқан тіршілік сабағын жазды.

Адамның әлдебір күйініш — сүйініш немесе кескін — кейпін, қимыл — әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу – осылардың бәрі, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін керек

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота