В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
MOKOV07
MOKOV07
04.09.2020 10:31 •  Қазақ тiлi

Эссе

отанымыз табиғатының бірегейлігі неде

Показать ответ
Ответ:
eliseenko941
eliseenko941
16.12.2021 04:50

Бүгінгі таңда елімізде эстрада жанрында өнер көрсетіп, ән айтып жүрген жұлдыздар жетерлік. Әрқайсысының өз тыңдармандары бар. Мен Димаш Құдайберген жайлы айтуды жөн көріп отырмын. Себебі, бұл әнші өнерлі отбасында дүниеге келіп, туа біткен дарынын шыңдап, бүгін әлем мойындаған, барша жұрт өнеріне тәнті болған, атағы жер жарған Димаш Құдайбергенге айналды. Өз таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал тұлғаға айналды. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.

Жас та болса, бірнеше байқау жеңімпазы мен лауреаты атанып үлгерген. Солардың ішінде Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.

Димаш – менің сүйікті әншім. Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші боламын.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
v3tpr33
v3tpr33
01.09.2022 17:56

А ежелден толғандырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі — тіршіліктің пайда болуы, оның түрлі геологиялық замандардағы тарихи даму заңдылықтары. "Тіршілік" ұғымы жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың жиынтығын және олар тіршілік ететін табиғи орта жағдайларын тұтасымен камтиды. Тіршіліктің мәні тірі ағзалардың өзінен кейін үнемі ұрпақ калдырып отыруымен айқындалады. Бұл кезде ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық ақпараттар беріліп, азғалар әрі өзін-өзі реттеп, әрі ұрпақтары арқылы калпына келіп отырады. Сондықтан да тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың ұрпақ қалдыру аркылы өмір сүруінің ерекше сапалық көрінісі. "Тіршілік" ұғымына алғаш анықтаманы Ф.Энгельс берген. Оның анықтамасы бойынша, тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың коршаған ортамен тұрақты түрде зат алмасуына негізделген, нәруызды денелердің тіршілік ету тәсілі. Тірі азғалар мен қоршаған орта арасында зат алмасу процесі тоқтаған кезде, нәруыздар ыдырап, тіршілік жойылады. Қазіргі кезде биология ғылымдарының соңғы ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, тіршілікке мынадай анықтама беріледі. Тіршілік дегеніміз — құрылымы нәруыздар (белоктар) мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін-өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі азғалар жиынтығының ашық жүйесі. Тіршілік ұғымындағы негізгі орында — нәруыздар мен нуклеин қышқылдары тұрады. Өйткені бұл қосылыстар барлық тірі азғалар жасушаларының түрлі құрылымдық түзілістерінің құрамында кездеседі. Табиғаттағы барлық тірі азғалар бір-біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлерден тұрады. Бұл, жалпы, тірі ағзалардың бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады. Тіршілік деңгейлері:

молекулалық,

жасушалық (клеткалық),

ұлпалық, мүшелік,

ағзалык,

популяциялық- түрлік,

биогеоценоздық және

биосфералық деп бөлінеді

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота