Х Дәрілік өсімдіктер
Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.
Қазіргі кезде дәрі-дәрмектердің бағасы қандай?
Кейде жетеліп, тұмауратып қалатын кездеріміз болады. Дәрігерлер мұндайда дәрі-дәрмек, ине салып емдесе,
кей адамдар дәрілік шөптердің көмегіне сүйенеді. Қазіргі дәрі-дәрмек бағасы арзан емес шақта емдік шөптерді
дұрыс қолдану туралы көбірек білген дұрыс.
«Өсімдіктің қасиетін білсең ғана қолдан, ол білгенге – ем, білмегенге - у. Кез келген уақытта кез келген шөпті
жұлып алып қолдануға болмайды. Ол ауруыңа ауру жамауы мүмкін», – дейді халық емшісі Сейітқамза Қалиев.
Қымбат
Құнды
Арзан
е Артқа
Тексеру
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!