Келе 5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Көксерек пен төбеттің төбелесі немен
аяқталды? Өз жұбыңа әңгімелеп бер.
Бір күні түсте Құрмаш Көксеректі тысқа алып шығып, ас құйып
жалатып тұрғанда, анадайдан шылапшынның салдырын естіген кара
ала төбет үйдің көлеңкесінен шығып, адымды қойып еді.
Екпіндеген бетімен, жолында жасқап тұрған Құрмашқа қарамастан,
Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп қауып түсті.
Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап
шығып кететін Көксерек енді зор дауыспен «Гүрр» етіп, қара ала
ребетті алқымынан ала түсті. Ұстаған жері құлақ-шекеге жақын еді.
Төбеттің мойнын тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, үлкен төбет
бұлғаң-бұлғаң етіп, Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті.
Маңайдан жұрт дабырлап жиылып қалып еді. Көксерек қара
аланы тамағынан қысып қоя берді де, жотасы үдірейіп топтан шыға
берді.
жеңген жаудың сығымынан зорға құтылған қара ала қаңсылап,
жүні жығылып, бір жаққа кетті...
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесінен
6-тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Көксеректі қабуға ұмтылған төбет:
а) қызыл ала ит;
в) құмай тазы;
в) қара ала төбет;
г) қара ала тазы.
б) қара ала күшік;
2. Көксерек төбетті қай тұсынан тістеді?
а) құйрығынан;
в) тамағынан;
ә) аяғынан;
г) құлақ-шекеге жақын
б) құлағынан;
жерінен.
3. Көксеректен жеңілген төбеттің әрекеті:
а) топтан шығып кетті;
в) қыңсылап жатып қалды;
ә) қаңсылап бір жаққа кетті; г) қайта жүгірді.
б) топқа барып қосылды;
Нужно прочитать 5 задание и в 6 правильно выбрать варианты по тексту.
Мен үшін сүйіспеншілік...
Сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі. Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады.
Қазіргі таңда туғаннан , немесе өміріндегі бір келеңсіз жағдайларға байланысты ауыруға шалдыққан зағип жандар аз емес. Ондай адамдар әрбір атқан таңына риза, әрі өмірдің бағасын білетін жандар. Мұндай зағип жандар қанша алдағы болашақ өмірлері гүлді болып көрінбегенмен, қазіргі өтіп жатқан күнінің әрбір сәтін бағалы өткізуге тырысады. Бұл адамдардың бар арманы ауруларынан сауығып, өмірлерін басқада сау адамдар секілді өткізу. Қазіргі таңда ғылым-білім, техниканың дамуына байланысты мұндай адамдарға да барынша қол ұшын беруге, барынша мемлекеттік көмек көрсетуге барлық жағдайлар жасалуда. Өмір бойы темір коляскаға байланған адамдардың өзі аяқ-қолы толық жетілмеген болса да, он екі мүшесі сау адамнан кем түспейтін істерге құлшынып жатады. Себебі, олар өз ынталарының арқасында ізденіп, "Менің қолымнан бәрі келеді" деген өмірлік ұстаныммен өмір сүретін адамдар деп ойлаймын.
Мүгедек, емделмейтін ауруға шалдыққан адмдарға көмек әлі күнге дейін толық кең өріс алған жоқ. Сондықтан болашақта, яғни жастар қауымы сол зағип жандардың өмірі барынша жақсы болуы үшін өз күшімізді аямай қамқорлық танытуымыз крек. Себебі, олар нағыз өмірге құштар жандар.