В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
fox359
fox359
04.08.2022 05:19 •  Қазақ тiлi

Киіз үй туралы эссе казакша 70-80 сөз​

Показать ответ
Ответ:
LadnoOK
LadnoOK
28.12.2020 22:13

Киіз үй -  халқымыздың атамзаманнан бергі ең жақын серігі, асыл белгісі болып саналады. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға шыдамды. Төбесі күмбез тәрізді болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.

Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйді құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оларға кереге, уық, шаңырақ, есік немесе сықырлауық жатады. Сүйектері көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыңнан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер-үйші жасайды.

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені(биіктігі екі метрдей) жайып, әр бөлігін бір-бірімен жалғастырып, бекітеді. Керегенің әр бөлігін «қанат» деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Хан ордасы отыз қанатқа дейін жеткен.Керегені құрып болған соң шаңырақты көтереді. Қазақ халқы шаңырақты кие тұтады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
luszdncsjmn
luszdncsjmn
28.12.2020 22:13
Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота