Әр адамнын өз бос уақыты бар, мен де да бар . Бірінші кезекте , мен сабак окимын ол менен көп уақыт алады. Күн сайын мектептен кейін Мен үй тапсырмасын орындаймын , мен сабақты кайталаймын. Мен сондай-ақ оқуды жақсы көремін . Менің сүйікті кітабым - Аштық ойындары . Мен натюрморттар , жануарлар , портреттер бояу ұнайды. , Гитарада ойнап , оның бос уақытында . Мен ағылшын тілін білемін және болашақта Мен Англияға барамын, өйткені , тереңдігі оны оқуға тырысамын . Мен достарымен шығып , демалыс күні фильмдер өтіңіз.
«Ұлы жүз» деген қазақ ұғымы ұзақ уақыт бойы орыс әдебиеттерінің деректерінде «Үлкен орда», «Аға жүз» және басқа сөздермен жиі бұрмаланып келді. Біріншіден, ол «үлкен», «аға» сөзі өз мағынасына сәйкес келмейді, екіншіден, орда мен жүз екі басқа, үшіншіден, қазақтардың өзі жүз орнына орданы қолданған емес. Не дегенмен «ұлы жүз» сөзін қырық құбылта берудің жөні жоқ. Сондықтан орыс тілді деректердегі «Аға жүз» (старший жуз) қазақтың ұлы жүзіне балама ретінде құлаққа сіңісті болғандықтан осы тіркеске ден қойғанымыз дұрыс секілді. Ұлы жүз ұғымы да қазақтың басқа тайпалары тәріздес, қазіргі Қазақстанның оңтүстік – шығысында XV – XVI ғасырлар аралығында пайда болды. Оған кіретін көптеген рулар мен тайпалар, зерттеушілер атап көрсеткеніндей, бұл кезеңге дейін де, яғни қазақ хандығы мен қазақ жүздері пайда болғанға дейін ғұмыр кешіп, тарихта өзіндік күрделі із қалдырып келді. Бұл рулар «қазақ халқы» деген жалпы атау пайда болғанша Жетісу өңіріндегі байырғы үйсіндер құрамына енген еді. Бұған шаруашылық мақсаттан бұрып әскери – қорғаныстан туған жайлар мықты әсер етті. Уақыт өте келе Моғолстанның құрамында терең тамыры бар жер – су, көші – қон жағынан топтасқан мәдени қауымдастық дүниеге келді. Халық оларды «ұлы жүз үйсін» деп атап кетті. Бұны біз ел арасынан жинаған қазақ шежіресінің әр түрімен қатар, беделді тарихи мағлұматтар да растай түседі.