В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
renatamamarenata
renatamamarenata
22.01.2022 19:16 •  Қазақ тiлi

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасы 1934 жылы университет ашылысымен жұмыс істей бастады. Сол себепті ең көне кітапханалар қатарында. Университетіміздің Ғылыми кітапханасы республикамыздағы ең ірі кітап қоры бар білім ордасы. Ғылыми кітапхана кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру деңгейі бойынша алдыңғы қатарда. Кітапхана 1998 жылдан бастап Кітапханалар ассоциациясының, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық концорциумының мүшесі. Ғылыми кітапхана XXI ғасыр сұраныстарына жауап береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне әрі Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі. ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы өзінің электрондық каталогын Интернетте жариялаған алғашқы кітапханалардың бірі ретінде Қазақстан веб-сайттарының тарихына енді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы бүгінгі күні Қазақстанда ғана емес Орталық Азиядағы ең озық үлгідегі кітапханалардың бірі. 2-мәтінКомпания осы жерде тұратын резидентке айналып, аймақтың дамуына 50 миллион доллар жұмсамақшы. Негізі жобаның құны шамамен $ 1 млрд, бұған Торонто билігі қосымша $1,25 млрд ақша қоспақ. Смарт шахарды салушылар қала өміріндегі барлық (саяси, технологиялық, дизайнерлік) шешімдер миллиондаған сенсордан алынған ақпараттар негізінде қабылданғанын қалайды. Сондай-ақ жоспарда көлік жүйесін толық жетілдіру көзделген. Барлық автомобильдер өздігенен жүретін жүйеге ауысады. Бұл деген сөз, болашақта роботакси қызметтері де іске қосылады. Сондай-ақ баспананы қолжетімді ету де жоспарда бар. Сонымен қатар жеке өмірдің құқығын қорғауда қатаң талаптар қойылмақ. Бұдан бөлек "ақылды" аудандарда экологиялық тұрғыдан барынша таза энергетикалық жүйе мен автономды транзиттік желілер пайда болады. Датчиктердің кең желісі ауа сапасы мен шу деңгейінен бастап, азаматтардың күнделікті қызметімен аяқталатын барлық ақпараттарды жинап инфрақұрылымды жақсартуға көмектеседі. IT-компаниялар жаңа әрі қызықты қосымшаларды жасай алуы үшін Sidewalk Labs барлық бағдарламалық әзірлемелерін тегін етті. Егер Торонтодағы жоба сәтті іске асса, Сан-Франциско, Денвер, Лос-Анджелес және Бостонда ақылды аудандар салынбақ4. Оқылым мәтіні бойынша берілген кестені толтыр негизги акпарат:
косымша акпарат:​

Показать ответ
Ответ:
Himop
Himop
23.02.2021 15:25

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.

Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.

Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.

Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
barbara27
barbara27
19.12.2020 10:40

Биылғы жылғы қызық оқиғалар

Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.

Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота