В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
musalimovvlad
musalimovvlad
15.02.2020 18:52 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша графиктік сызба жасаңыз. Графиктік сызбаңыз диаграмма, сызықтық, шеңбер, кесте үлгісінде болуы тиіс. Жастар және әлеуметтік желілер Әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтс 20 жасында «Microsoft» компаниясының негізін қалап, өзінің алғашқы миллиондарын таба бастаған. Бүгінде оны идеал санап, 48 миллиардердің соның жолымен жүретін жастар да көп. «Chief Executive Officer» журналы ғаламтор арқылы байыған жастардың тізімін тізіпті. Бірінші орында 30 жастағы американдық Мэтт Мулленвег топты жарыпты. Хьюстон университетінің 1-курс студенті кезінде, яғни, 19 жастағы Мэтт бүгіндегі танымал «WordPress» сайтын құрған болатын. Қазір әлемдегі ең қалтасы қалың жастардың бірі. Екінші орынға алдағы мамыр айында 30 жасқа толатын Марк Цукерберг жайғасыпты. Бала күнінен компьютер бағдарламаларына жақын болған ол Гарвард университетінде оқып жүріп, 2004 жылы парталастары Крис Хьюз бен Дастин Московицпен бірге Facebook әлеуметтік желісін құрады. Алайда олардың арасында келіспеушілік орын алып, ақыр соңында Facebook-тің иесі Марк Цукерберг болады. Содан байыған ол 2009 жылы әлемдегі ең жас миллиардер атанады. Былтыр «Forbes» журналы Марк Цукербергтің байлығын 19 млрд долларға бағалады. Үздіктер тізімінде 23 жастағы американдық Эшли Коуллске үшінші орын бұйырды. Себебі ол өзінің 14 жасында Whateverlife.com сайтын ашып, миллионер атанған еді. Мектеп қабырғасында жүріп графикалық дизайнмен айналысқан қыз өзінің жұмыстарын аталған сайтта жариялап, оқырманның қызығушылығын тудырған, содан оның сайтына жарнама берушілердің қатары көбейген. Алғаш рет жарнамадан 20 мың доллар табыс тапқан. Үш жылдан кейін сайтқа күнделікті 1 миллион адам кіретін болған. Ал 2008 жылы сайттың жылдық табысы 1 миллион долларды құраған. Төртінші орынды 28 жастағы үндістандық Сухас Гопинат иеленді. Бұл жігіт 14 жасында «Global Inc» интернет компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең жас кәсіпкер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бүгінде «Globals Inc» – әлемдегі жетекші IT-компания. Әлемнің 11 елінде бөлімшесі бар. Веб-сайтт

Показать ответ
Ответ:
SabinaLi1001
SabinaLi1001
22.01.2021 21:33

«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. «Бәйтерек» қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол – елорданың халық көп баратын жерлерінің бірі. «Бәйтерек» – Қазақстан символы! «Бәйтерек» – Астана символы! Адам қиялының жемісі Астанаға келушілерге кең-байтақ Қазақстанды алақанда тұрғандай бір мезгілде аралап көріп, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысып ертегідей елітер керемет сәт сыйлауға ие болды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
tulenchik26
tulenchik26
16.04.2021 12:13
Бір мақсат, бір мүдде үшін адам­дар­дың бірлесіп өмір сүруі, яғни қоғам болып үйлесуі рухани және мате­риалдық құн­ды­лықтарға негізделеді. Адам­гершіліктің өлшемі саналатын рухани құндылықтарға отбасы, махаббат, достық, өзін өзі тану, дін, дәстүр жатады. Ал үй, жақсы жұмыс, қаржылық ер­кіндік сияқты материалдық игі­ліктер тұлғаның әлеуметтік мәр­тебесін қа­лыптастырады. Сон­дай-ақ бостандық, адамның қа­дір-қасиеті, теңдік және ынты­мақтастық, демократия және заңның үстемдігі – қо­ғамның маңызды құндылықтары.

Адамдардың құндылықтары мен сенімдерін, тұрақтылығы мен уақыт өткен сайынғы өзге­ріс­­терін және олар­дың әлемнің түр­лі елдеріндегі қоғамның әлеу­меттік және саяси дамуына ық­палын зерттейтін «Әлемдік құн­дылықтарға шолу» (World Values Sur­vey) атты жаһандық жоба бар. Бұл – әлеу­меттік ғы­­лым­дар бойынша әлем­дегі ең ау­қымқы зерттеу бағдар­­лама­сы. Жоба бо­йынша дүние жүзі­­нің 110 елінде орналас­қан 200-ден аса ғылыми және зерт­теу ұйымдары­ның әлеу­мет­та­­нушылары, саясат­тану­шылары, зерттеушілері және ға­лым­дары жұ­мыс істейді. Бағдар­лама шең­берінде 1981 жылдан бас­­тап әлем халқының 92%-ы тұ­ратын 110 елде жаппай сауал­дама жүргізі­ліп келеді. Атал­ған жаһандық жоба­ның аясында Қазақстанда екі рет сауал­­дама жүргізілген. Соның бірін «Қоғам­дық пікір» зерт­теу инс­титуты ұйым­дастыр­ды. Бұл ту­ралы бізге аталған инс­титут­тың директоры, әлеу­мет­тану ғы­лым­дарының кандидаты Ботагөз Рақышева айтып берді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота