Мәтінді түсініп оқы.Біз өлкетану мұражайына саяхатқа бардық. Мұражайдағы көне заттар қойылған бөлмеге кірдік. Мұражай қызметкері бізге көне қазанды көрсетті. Ол туралы әңгімелеп берді. - Қазақ халқының өмірінде қазанның алатын орны ерекше. Өйткені ол – ең басты тіршілік құралы. Халық оны жай ғана қазан демей, «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі «қасиетті, киелі, берекелі» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы қазанды сыйға бермеген, - деді.1) Мәтінді бөліктерге бөліп жоспар құр.2) Мәтіннен берілген сұрақтардың жауабын тап. Қоршап сыз.• «Қара қазан» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?• Халық қара қазанды неліктен қастерлеген?3) Мәтіннің мазмұны бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей етіп сұрақ құрастыр.
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
(сондықтан оқу керек)
Терминология терминінің өзі көп мағыналы термин. Ғалымдар оынң 5 түрлі мағынаны білдіретінін көрсетеді.
1)Термин – сөздердің жиынтығы немесе жалпы көптеген саны белгісіз терминдер;
2)Қандай да бір сала терминдерінің (ұғымдары мен атауларының) жиынтығы (медицина терминологиясы, география терминологиясы);
3)Терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы ілім;
4)Белгілі бір тілде қолданылатын белгілі бір білім саласы терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі жәгне олардың басқа тілдердегі баламалары туралы ілім;
5)Жалпы терминологиялық ілім.
Осы көпмағыналықтан арылу мақсатымен болса керек, соңғы он шақты жыл көлемсінде Ресей ғалымдары термин, терминология мәселелерін зерттейтін ілімді терминоведение деп атап жүр. Біз де ұғымдар ара – жігінің бұлайша ажыратылуын қолдаймыз. Сондықтанда терминоведение атауын терминтану деп қолданып жүрміз. Тілдегі барлық терминдер жиынтығын – терминология, ал белгілі бір арнаулы сала терминдерінің жиынтығын — салалық терминология, ал общая терминология атауын – жалпы терминтану деп бір ізді атаған дұрыс болар деп ойлаймыз.