Менің үй жануарым бар.Мен өз жануарымды жақсы көремін. Менің итім мені тыңдайды, айтқанымды істейді, себебі мен оны жақсы ит болуга үйретемін. Ол басынан сипағанды ұнатады. Біз итпен бірге қыдырғанды ұнатамыз. Мен оган допты лақтырамын, ол оны алып келеді.Ағаштардың бұтақтарын лақтырып, итке әкелуін сұраймын оны алып келеді. Серуеннен келгесін, мен оған "Чаппи "деген тағам беремін. Мысық туралы. Менің мысығым бар. Оның аты-Мурка. Ол сүт ішкенді і және "Вискасты" жегенді жақсы көреді. Менің мысығым өте сүйкімді жануар. Көрінген жерде жатқанды ұнатады. Жазда біз оны саяжайға апарамыз, сонда тастап оған тамағын қалдырып,тастап кетеміз .Мен мысықпен қыдырғанымды ұнатамын. Мен өз мысығымды жақсы көремін.
«Менің Қазақстаным»
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.
Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
«Туған жерім»
Күн шуағы өзіңнен нұр береді,
Туған жерім сол нұрмен түрленеді.
Кең байтақ Егеменді туған жерім,
Елбасының еңбегімен гүлденеді.
Ақорда - Алашымның астанасы,
Бәйтерек - ең үлкен баспанасы.
Даласында Сарыарқаның самал ескен,
Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.
Елбасына
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.