Мәтінен деректі, дерексіз зат есімдерді, көптік мәнді есімдерді тауып, кестені толтыр УМОЛЯЮ НАЙДИТЕ ВСЕ СЮДА ПОСМОТРИТЕ ХОТЬ ЗАДАНИЕ ЕСЛИ ОТВЕТИТЕ ПЕРВЫМ ЛУЧШИМ ОТМЕЧУ
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!
Табиғатта түрлі ауруларға шипа болатын минералды сулар болады. Бұл суларды ішу, шомылу арқылы емге пайдалану ертеден-ақ белгілі болған. Судың шипалық қасиеті ондағы еріген заттардың мөлшеріне қарай анықталады және олар салқын, жылы, ыстық күйінде кездеседі. Минералды сулар денедегі ісіктерге қарсы, жүйке жүйесін нығайту, қан тамырын кеңейту, өт пен ішті тазалау, тамақтың қалқанша безінің, өкпе-бауырдың қызметін жақсарту және т.б. көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам минералды су көзі анықталып, көпшілігі ел игілігіне жаратылуда. Мысалы: "Алмаарасан", "Қапаларасан", "Сарыағаш", "Мерке" т.б. Соның біріне ғана тоқталайық."Алмаарасан" минералды суы. "Алмаарасан" – жер асты ыстық суы. Алматы облысы Қарасай ауданында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде) орналасқан. Құрамында кремний көп, яғни, емдік қасиеті бар суларға жатады. Судың өзіне тән иісі бар. 1951-53 жылдары бұрғыланған 5 ұңғымадан су өздігінен атқылап шыққан. Судың температурасы Цельсий шкаласы бойынша +33-38 градус. Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан бері "Алмаарасан" шипажайы жұмыс істеуде. Онда аяқ-қол, буын, тері және асқазан ауруларын емдейді.Артезиан сулары Жер астынан артезиан суын пайдалану үшін құдық қазылады немесе бұрғыланған ұңғымалар жасалады. Қазақстанда артезиан құдығы ХІХ ғасырдан бастап қазылды. Артезиан құдығының қабырғасы берік болса шегенделмейді. Ал қабырғалары қиыршық тас, құм тас, малта тас немесе борпылдақ, сусымалы болса таспен, ағашпен шегенделеді. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен жүздеген метр тереңдікке дейін бұрғыланып, темір немесе құйматас құбырлар орнатылу жұмыстары қолға алынған.
Жер астынан артезиан суын пайдалану үшін құдық қазылады немесе бұрғыланған ұңғымалар жасалады. Қазақстанда артезиан құдығы ХІХ ғасырдан бастап қазылды. Артезиан құдығының қабырғасы берік болса шегенделмейді. Ал қабырғалары қиыршық тас, құм тас, малта тас немесе борпылдақ, сусымалы болса таспен, ағашпен шегенделеді. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен жүздеген метр тереңдікке дейін бұрғыланып, темір немесе құйматас құбырлар орнатылу жұмыстары қолға алынған.