В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Kola2004kola
Kola2004kola
26.04.2020 00:01 •  Қазақ тiлi

Нужно сочинение на казахском на тему "школа моей мечты"

Показать ответ
Ответ:
Koroleva12112002
Koroleva12112002
05.10.2020 10:01
«Келешегіміздің кілті - бүгінгі шәкірттеердің қолында, ал шәкірттердің тағдыры ұстаздардың қолында», - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұлағатты сөзін ескере отырып «Болашақтың тағдырын шешетін - білім ордасы» дегенді өзімнің осы жұмысыммен айтқым келеді. Сондықтан менің суретімнің негізгі символы «Білім ордасы» болып табылады. Білімнің арқасында барлығына қол жеткізуге болады. Осы білімнің арқысында біз қазір көлікпен жүреміз, әуеде ұшамыз, кемеде жүземіз ұялы телефонды қолданамыз, жаңа инновациялық жетістіктерге қолымызды жеткіздік және білім жолында әлі де кереметке қол жеткіземіз. Осының барлығының бастауы білім. Білімсіз ел дамымайды. Мен осы суретпен өз ойымды халықыма жеткізгім келеді.
Суретте «Білім ордасына» келетін жеті жол бар. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жолдар арасында бір-біріне ұқсамайтын «аспалы бақ» сияқты ерекше әсем табиғат – бақтар келтірдім. «Білім орданы» айнала баспалдақпен көтерілгенде «Галикарнас мұражайындағындай» биік мұнаралар, жалпы саны жиырма бес. Жиырма төрт мұнара қазақ елінің даңқын көтерген Керей мен Жәнібектен басталған хандар болса, жиырма бесінші қазіргі таңда бейбітшілікте елімізді әлемге танытып отырған ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев. Яғни қазақ елінің ұлы тарихы тұлғаларымен теңестіріп алынды. Ғимараттың өзі математика ғылымының негізгі пішіндері шеңбер, төрт бұрыш, үш бұрыштан құрастырылды. Ендеше ғимараттың негізгі бөлігі шеңберлі болса, шаңырағы төрт қырлы, пирамидаға ұқсаған, қай жағынан қарасада үш бұрышты болады. Суреттегі ою – «Өнер-таусылмас қазына, жұтамас-байлық» белгісі.
«Білім ордасының» ішіне саяхат жасасақ, негізгі үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлік ең астында 2 қабаттан, спорт және мәдениетке берілсе, екінші бөлік негізгі ғылымдардың дәріс берер төрт бөліктен тұрады. Оның 1- бөлігі гуманитарлы, 2- бөлігі математикалық, 3- бөлігі жаратылыстану, 4- бөлігі жалпы зертханалық бағытта жұмыс жүргізіледі. Пирамида мүсінді шаңырағы да 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабат жиын, конференция, концерт залдарынан тұрса, екінші қабаты ғимараттағы ең үлкен бөлік кітапханаға арналады.
Әлемде талай қызықта, кереметте бар, осы жұмысымды жасау үшін мені таңқалдырып, әрі терең ойға батырған әлем кереметтері. Сол әлемнің кереметі деп отырған кереметтерді салу үшін де білімді қолданды емес пе? Ендеше неге мектеп әлем кереметтерінің қатарына қосылмайды екен? Неге? Неге? Деген сұрақ ойымнан кетпей қойды. Міне сондықтан әлемнің кереметінің бірі бола алатын «Қазақстандық білім ордасы» болсын деген ниетпен салынды. Ендеше, мен жас ұрпақ Болашақ мектеп «Қазақстандық білім ордасы» бұл да білім мен мәдениетке толы ошақ боларына сенемін. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота