В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
LizaLove200468
LizaLove200468
16.09.2020 12:51 •  Қазақ тiлi

Полезные ископаемые казахстана на казахском языке. тоесть написать какие ресурсы добываются из земли.

Показать ответ
Ответ:
Bagila1234
Bagila1234
28.09.2020 12:33

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Біздің тәуелсіз еліміз қазына - байлыққа бай ел. Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық іспеттес. Қазақстан қазба, қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді.

Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3 орын, мыс мөлшерінен 4 орын, уран рудасынан 5 орын, темір 7 орын, қалайы мен никельден 8 орын, көмір мен газ қорынан 9 орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ кейінгі 13 орында алады. Қазақстанның геологиялық құрылысы даму ерекшеліктері пайдалы қазбалардың түзілуіне әсер етті. Пайдалы қазбалар 3 топқа бөлінеді:

1. Жанатын

2. Рудалы

3. Рудасыз

Жанатын пайдалы қазбалар көбінесе шөгінді жыныстарда кездеседі.

Рудалы пайдалы қазбалар көбінесе кристалды тау жыныстарында болады.

Рудасыз пайдалы қазбалар магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі.

Қазақстанда 6000 нан астам пайдалы қазбалардың кен орындары бар.

Мұнай мен газ.

Қазақстанның барыс бөлігінде шоғырланған. Мұнай мен газ- Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. 1899 жылы Қарашүңгілде Эмбі кен орнында бірінші рет мұнай атқылады. 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кен орны пайдалануға берілді. 1960 жылы Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. ҚР мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 220 кен орны бар. Бүгінде республикамызда жылына шамамен 45 млн т мұнай, 7,5 млрд м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн тоннадай өңделменген мұнай шығарылады.

Көмір кен орындары: Қарағанды, Екібастұз 10 көмір алабы, зоо кен орны бар, жалпы 162 млрд т қоры бар. Қарағанды алабы-3600 шқ2 жерді алып жатыр. Ол- негізгі көмір базасы.

Тас көмірдің 80 қабаты анықталған. Қалыңдығы 120 м, жалпы қоры 45 млрд т. Екібастұз көмір алабындағы (Павлодар облысы) ауданы 160 шқ2 көмір қабатының қалыңдығы 150 м, ашық әдіспен өндіріледі, ал ең арзан «Алып» кенішінде жылына 36 млрд т көмір өндіріледі.

Рудалы кен орындарға: Кемпірсай, Торғай, Атасу, Аят, Лисаков

Сирек кездесетін металдар: сынап, висмут, молибден де кездеседі.

Темір

Соколов-Сарыбай, Қашар, Әйет, Кентөбе, Қаратас, Атансор.

Марганец

Атасу, Жезді, Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңғыстау.

Д\ж 3 орында. Қоры 408 млн

Хром

Мұғалжар тауы 99%, Кемпірсай, Дөң

ТМД елдеріндегі 97% ҚР өндіріледі

Никель

Мұғалжар тауы, Кемпірсай, Бұрақтал, Аққара, Ақтау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан.

Алюминий

Торғай, Ақмола

ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.

Мыс

Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл

Д\ж ІІ орында, ТМД І орында

Полиметалдар

Риддер, Зырян, Текелі, Қаратаудағы Ащысай, Мырғалымсай, Қызылеспе, Қасқаайғыр.

Алтын

Алтай, Қалба жотасы, Жітіқара, Степняк, Ақсу, Майқайың

190 алтын кен орны бар.

Сирек кездесетін металдар: вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме

Орталық ҚР, Жоңғар Алатауы  мен Алтай.

Асбест

Жітіқара, Жезқазған, Бөгетсай, Шу-Іле тауларында, Хантау.

Фосфорит

Шолақтау, Ақсай, Жаңатас, Ақтөбе облысы, Жем өзенінің жоғары ағысы.

Қоры жөнінен д\ж 2 орында.

Тұз

Каспий маңы ойпаты

Құрылыс материалдары: әктас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота