В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
EvkShaih
EvkShaih
24.02.2020 17:27 •  Қазақ тiлi

сүйінбай мен қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолдаған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасындағы дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз​

Показать ответ
Ответ:
Rostik559
Rostik559
16.03.2021 14:53

Сүйінбай Аронұлы белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол 1822 жылы шілде айында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Майтөбе жайлауында дүниеге келген. Ол кедей отбасынан шыққан. Сондықтан да балалық шағы жоқтық азабында өтеді. Шешесі ерте дүниеден өтеді.

Болашақ талант иесі өз бетімен ізденді. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін түгел аралайды. Өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен,кейбірімен айтысқан.

Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санаған. Заманымыздың алып ақыны Жамбыл оны ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғанда Үмбетәлі және бір топ ақын жоқтау өлеңдерін шығарған. Ақынның қолда бар шығармалары негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар. Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғау жырлары жатады. Бұларда қазақ батырларының ерліктерін жырлау, өмір сырлары, дүние әлем, бақ дәулет, талап талғам өзгерістерін талғау. Ақын ерлікті, жауға мейітімсіздікті әр тұста жырлап, жастарды батырлар үлгісінде тәрбиелейді. Ақын адам өмірінің әрбір кезеңдерін көрегендікпен бейнелейді. Сүйінбайдың айтыстары мен арнау өлеңдерінде сын, сықақ ретінде келетін мысқыл басым. Бірде Жалайыр елінде Бақтыбай деген халық қамын ойлаған ақын болады. Сүйінбай бір ұлан – асыр жиында өзіне өлеңмен сәлем беріп ізет көрсеткен Бақтыбайға кездеседі. Екеуінің көңіл көкжиегі астарлас келеді. Сондықтан Бақтабай Сүйінбайды сонша сыйлап, асқақ ақындығын бағалап, онымен айтыспайды. Осы екі ақын туралы Ш. Уәлиханов былай депті: «Мен Ұлы жүзде халықтың құрметіне бөленген екі ақынды білемін. Жиын – тойларда көп блатын олар көрінген қазақты мақтай бермейді. Халыққа қадірлі таңдамаларын ғана мақтайды. Ешкімге де құлдық ұрмайды. Қалтаның да қамын ойламайды. Жиындардағы айтыстарында ақындығымен, тапқырлығымен көзге түседі де, халықтың махаббатына бөленеді». Осы кездесуде Бақтыбай Сүйінбайды ардақ тұтып, оған тәнтілік сырын шертеді

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота