Махамбет Өтемісұлы — қазақ поэзиясындағы ғана емес, қазақ тағдырындағы аса көрнекті тұлға. Сондықтан, ол туралы тебірене жыр жазбаған қазақ ақыны кемде-кем.Олардың қатарында М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы», Ф. Оңғарсынованың «Алмас қылыш» және М. Сатыбалдиевтің «Махамбеттің монологі» атты өлеңдері мен поэмалары бар. Сол кезеңдегі қазақ арманын Махамбет жырларынан таныған қазақ ақындары үшін Махамбет бейнесі музаға айналды десек артық айтқандық емес. Махамбетке арналған поэзиялық шығармалардың барлығына ортақ бір ерекшелік бар. Олар ырғақтық- интонациялық жүйесімен басқа өлеңдерден өзгеше. Ақындар өз шығармаларында Махамбеттің күрескерлік айбынын, ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын таныту үшін өзгеше интонациялық өріс іздейді. Сол ерекше интонациялық өріс осы жырлардың барлығының өзегі болып табылады.М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасының «Махамбеттің соңғы сөзі» атты бірінші бөлімін Махамбеттің монологына құрады. Бұл өлеңнің он бес буынды алты тармағы бірдей өзара ұйқасқан, яғни, ұйқас өрнегі- . Өлеңнің келесі шумағы сегіз тармақтан тұрады. Олардың үшеуі- он бес буынды болса, өзге бесеуінің ырғақ кестесі- 8-8-6-8-11. Бұл шумақтың он бес буынды тармақтары алдыңғы шумақпен ой тізбегін құраса, сегіз, алты, он бір буынды айнымалы ырғақтарға құрылған тармақтар жаңа ойға өріс ашады. Он бес буынды құрылымға негізделген 1-2 шумақтың тармақтарындағы ой өзегі — ақынның түсі болса, алты, сегіз, он бір буынды тармақтардағы ой негізі — ақындық туралы толғаныстар. Қазақ поэзиясына кең тараған он бір, сегіз буынды өлшемдердің 11-8 позициясы, бұл тармақтарда 8-11 болып, кері сипатта көрінеді. 11-8 позициясынан туындайтын интонация жеңіл де ширақ болса, 8-11 позициясы осы тармақтарда айтылатын ойлардың нақтылығы мен тиянақтылығына сай, нық, орнықты да, кесімді.
Ойларым менің ойран боп сарқылып жүрген кезімде, бұрқан да талқан сезімге алқынып жүрген кезімде, жанашырларды қайғыртып дал қылып жүрген кезімде, жер менен көктен жай таппай шарқ ұрып жүрген кезімде, жолықтың маған, жақсы Адам, ерекше тұлғаң басқадан. Осындай сәтте ойлап па ем кездесемін деп тап саған. Дұшпанды талай жасқаған таусылып менде асқақ ән, түңіліп барлық тірліктен жүгініп менен жыр күткен жұртым бар-ау деп саспағам, ысырып бәрін тастағам. Құшағын маған ашпаған қиқа да жиқа өмірдің несіне мәз боп мастанам? Бәрін де қойдым, бездім деп налимын, көзге жас та алам. Шешімге бір-ақ келгенмін... ... әттең, тек үміткерлердің сенімдерінен жасқанам.
Махамбет Өтемісұлы — қазақ поэзиясындағы ғана емес, қазақ тағдырындағы аса көрнекті тұлға. Сондықтан, ол туралы тебірене жыр жазбаған қазақ ақыны кемде-кем.Олардың қатарында М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы», Ф. Оңғарсынованың «Алмас қылыш» және М. Сатыбалдиевтің «Махамбеттің монологі» атты өлеңдері мен поэмалары бар. Сол кезеңдегі қазақ арманын Махамбет жырларынан таныған қазақ ақындары үшін Махамбет бейнесі музаға айналды десек артық айтқандық емес. Махамбетке арналған поэзиялық шығармалардың барлығына ортақ бір ерекшелік бар. Олар ырғақтық- интонациялық жүйесімен басқа өлеңдерден өзгеше. Ақындар өз шығармаларында Махамбеттің күрескерлік айбынын, ақындық тереңдігін, азаматтық парасатын таныту үшін өзгеше интонациялық өріс іздейді. Сол ерекше интонациялық өріс осы жырлардың барлығының өзегі болып табылады.М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасының «Махамбеттің соңғы сөзі» атты бірінші бөлімін Махамбеттің монологына құрады. Бұл өлеңнің он бес буынды алты тармағы бірдей өзара ұйқасқан, яғни, ұйқас өрнегі- . Өлеңнің келесі шумағы сегіз тармақтан тұрады. Олардың үшеуі- он бес буынды болса, өзге бесеуінің ырғақ кестесі- 8-8-6-8-11. Бұл шумақтың он бес буынды тармақтары алдыңғы шумақпен ой тізбегін құраса, сегіз, алты, он бір буынды айнымалы ырғақтарға құрылған тармақтар жаңа ойға өріс ашады. Он бес буынды құрылымға негізделген 1-2 шумақтың тармақтарындағы ой өзегі — ақынның түсі болса, алты, сегіз, он бір буынды тармақтардағы ой негізі — ақындық туралы толғаныстар. Қазақ поэзиясына кең тараған он бір, сегіз буынды өлшемдердің 11-8 позициясы, бұл тармақтарда 8-11 болып, кері сипатта көрінеді. 11-8 позициясынан туындайтын интонация жеңіл де ширақ болса, 8-11 позициясы осы тармақтарда айтылатын ойлардың нақтылығы мен тиянақтылығына сай, нық, орнықты да, кесімді.
Объяснение:
сарқылып жүрген кезімде,
бұрқан да талқан сезімге
алқынып жүрген кезімде,
жанашырларды қайғыртып
дал қылып жүрген кезімде,
жер менен көктен жай таппай
шарқ ұрып жүрген кезімде,
жолықтың маған, жақсы Адам,
ерекше тұлғаң басқадан.
Осындай сәтте ойлап па ем
кездесемін деп тап саған.
Дұшпанды талай жасқаған
таусылып менде асқақ ән,
түңіліп барлық тірліктен
жүгініп менен жыр күткен
жұртым бар-ау деп саспағам,
ысырып бәрін тастағам.
Құшағын маған ашпаған
қиқа да жиқа өмірдің
несіне мәз боп мастанам?
Бәрін де қойдым, бездім деп
налимын, көзге жас та алам.
Шешімге бір-ақ келгенмін...
... әттең, тек үміткерлердің
сенімдерінен жасқанам.