СОРРР 2. Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сәйкес бағандарға жазыңыз (Исправьте приведенные слова в правильном варианте и запишите в соответствующие столбцы). Сөздер: хайуанаттар-бағы, түйме дақ, Барса келмес, Қызылкітап, адам-зат, жан жануарлар, халық аралық, омыртқа-сыздар, био ресурс, кон-венция, жабайықызғалдақ, қоршаған-орта, ақ қу.
Дара сөз Тіркесті сөз Біріккен сөз Қос сөз
сор
Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.
Алла барлық құстарға:
-Бір күн рұқсат берем. Өздеріңе ыңғайлы қоныс тауып алыңдар. Сол жерге ұя салып, тіршілік етіңдер,-деп әмір береді.
Бүркіт асқар тауды ұнатып, қияға ұя салды. Қызғыш судың ішіне жайғасты. Шағала теңізді, үйрек көлді, бозторғай жазық даланы ұнатты. Қарлығаш Ыбырайым пайғамбардың шарапатынан адамның шаңырағынан жай алды. Ымырт уйірілгенше құстар өздеріне ұя таңдап, жайғасып үлгерді.
Көкек қана сайды еңіс, тауды биік, суды суық деп кірпиязданып жүріп алды. Алланың үкімі екеу болмайды. Кесімді мерзім жетеді. Ұлық Алла құстардың таңдаған қоныстарын өздеріне жайлы мекен етіп берді. Кірпияз көкек ұясыз қалады. Әліге дейін өзіне тиесілі ұя-жайы жоқ. Содан бастап жұмыртқасын басқа құстың ұясына салуға мәжбүр екен.
Объяснение: