Составить 12 вопросов по тексту 2 на каждый из 6 абзацов
Бауыржан Момышұлы – халқымыздың даңқты қаһарманы, еліміз үшін жанын аямай күрескен патриот. Сұрапыл ұлы соғыс басталысымен 316-атқыштар дивизия құрамында майданға аттанды. Мəскеу үшін немістермен болған шайқаста бір қадамға шегінбей, өмірі қыл үстінде тұрса да аянбады. Панфилов атындағы 8-гвардия дивизия батальоны, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдарында осы дивизияны басқарды. Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізудегі əскери шеберлігімен, тапқырлығымен, ерлігімен атақ-даңқы аңызға айналды. Бауыржан табиғатынан адал, шыншыл, өжет болды. Қабағы қатулы, өткір көзді, өңі сұсты, кең жауырынды, зор үнді, қалың мұртты, сыртқы пішіні қатқыл, суық көрінгенмен жүрегі нəзік, ниеті таза, адал, кең адам болған. Бұл – өмірдегі Бауыржан Момышұлының нақты келбеті.
Соғыста батальонымен 27 рет шабуылға шықты. Жауынгерлерімен 5 рет жау қоршауын бұзып, дивизиясына аман-есен қосылды. Бауыржан Момышұлы соғыста «ошақты», «икемді қорғаныс» деген жаңа ұғымдарды қалыптастырды. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін əскери тактик, стратег ретіндегі таланты кеңінен ашылды.Бауыржан Момышұлы жау шептеріне іштей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыста алғаш қолданып, дамытты. 1941 жылы 16–18 қараша күндері Мəскеуге үшін шайқаста қазақтың батыр ұлы Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен соғысты. Неміс əскерлері 3 күнге іркіліп қалды. Шайқас кезінде Бауыржан басқарған батальон қоршауда қалмас үшін шегінудің нақты жоспарын əзірлеуге мəжбүр болады. Он бес адамнан құралған взводтар бөлек-бөлек, бірінің артынан бірі жүріп отырды. Ал батальон алдына барлаушылар жіберілді. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлер түнделетіп жүріп, төзімділіктің арқасында екі күнде Ивановск ауылына жетеді. Ивановск ауылында И.В. Панфилов əдейі резервте ұстаған панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрған. Олар Момышұлы басқарған батальонды жойылды деп санаған. Бұларды көріп қатты қуанады. Əсіресе, И.В. Панфилов көзіне жас алып, Бауыржанды құшақтап, «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады. Сол кездерден бастап барлық Кеңес ба зі қазақ халқынан шыққан қайтпас, қайсар қолбасшы туралы тоқтаусыз жазады.
1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқасына оқ тиеді. Əзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен Аңыз» кітабында бұл қайғылы жағдай туралы толығырақ жазған. Дəрігерлер Бауыржанды дереу госпитальға апару керек деп шешеді. Бірақ ол сол жерде оларды тапаншамен қорқытып, оқты дереу шығаруды бұйырады. Жара таңылғаннан кейін капитан ұрыс алаңына қайта оралады.
Бауыржан – əскери жазушы. 1956 əскери борышын өтеп, құрметті демалысқа шықты. Бауыржан соғыста жауынгерлік ерлік көрсетсе, соғыстан кейін де жазушы болып ерлігін көрсете білді. Ол келер ұрпаққа өзінің өсиеттерін, даналық сөздерін мирас ету үшін қаруды қаламға алмастырды, қазақ əдебиетіне «жаңа соғыс əдебиеті» жанрын енгізді. Ол
«Офицердің ерлігі», «Бір күннің тарихы», «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы»,
«Генерал Панфилов», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя» деген шығармалар жазды. Шығармаларына əскери оқиғаларды арқау етіп, сұрапыл соғысты еш жасандылықсыз, қо шынайы жазды. 1958 жылы «Артымызда Москва» романы жазушының атын шығарды. Роман Мəскеуді қорғаған 28 Панфиловшылардың ерлігіне арналды.
1963 жылы Б. Момышұлы Куба басшысы Ф. Кастроның арнайы шақыртуымен сол елді аралап қайтты. Кубада əскери қызметшілерге дəріс оқыды, кейін осы сапары туралы «Куба əсерлері» атты кітап жазады. «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде солдат психологиясын терең зерттеген. АҚШ, Куба, Израиль мемлекеттеріндегі əскери оқу орындарында Б. Момышұлының əскери тəжірибесі бөлек зерттеледі. «Волоколамск тас жолы» романы Фидель Кастроның ең сүйікті кітаптарының бірі.
Бауыржан өзінің «Офицер дəптері» атты еңбегінде армиядағы сарбаздарды батырлыққа, төзімділікке, тəртіпке, тапқырлыққа үйретеді. «Дұшпандарды артымыздан ертіп Мəскеуге не бетімізбен барамыз, жігіттер, сүйегіміз осы жерде қалсын, бір адым кейін шегінуге жол жоқ», «Жаным – арымның садағасы» деп солдаттардың намысын, патриоттық сезімін оятады. Соғыстағы адамның мінезін шынайы суреттеп, əскери педагогикада баға жетпес мұра қалдырды.
Бауыржан – көркем бейне. Оның қаһармандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волоколамск тас жолы» повесін жазса, Əзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман- диалогін жазып, реалистік бейнесін жасады. Қазақфильм киностудиясы «Ел басына күн туса» көркем фильмін түсірді. Мəскеу академиялық драма театры Б. Момышұлы тұралы
«Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды. Бауыржан Момышұлы біздер үшін отансүйгіштіктің үлгісі болып табылады.
Алты құрлықтың алыбы Еуразия даласында жыл құсындай жосыла көшкен көшпенділер туралы пікір көп. Ғалымдардың бір тобы көшпенділік мәнін ұлы даламен байланыстырса, Еуропалық әдебиеттің басым бөлігі «жабайы варваларға» теңеді. Ал көшпенді халықтың жасаған жорықтары тек «жабайы варварлардың басқынышылығы» деп бағаланды. Ал көш туралы әлі де болсын көңіл көтеретін еш пікір айтылмады. Бар болғаны қазіргі Африка халықтарынң сәл ертеректеу жасаған миграциясы болып шықты. Шын мәнінде осылай ма? Алып Еуразияның кіндігінде көшпенді бабаларымыз бағытсыз, мақсатсыз көшіп-қонып жүре берген бе? Бірнеше тәулікке созылған көштің бар болғаны миграциялаудың «сыпайы» түрі болып шыққаны ғой? Тым болмаса көшпенділер тұрмысы әлемдік өркениетке тамшыдай болсын үлесін тигізді ме? Осы сұрақтарға көшпенділердің заңды жалғасы ретінде жауап беріп көрейікші.
Не үшін көшті?
Осы жерде керемет бір парадокс бар. Отырықшы ел - өз-өзін аман сақтау үшін егістігін кеңейтіп, тамақ таму үшін тұрғылықты жерінде тұрақтап қалу керек. Ал көшпенді халыққа керісінше, тамақ табу үшін көшу қажеттілігі туды. Бірақ бұлай десек, көшпенділерді нағыз қанағатсыз, ал көштің – «қарын тойдыру» мақсатында жасалған әрекет деген ойға қаламыз. Алайда ең бірінші көштің көшпелі тұрмыстың қиындығынан туғаны сөзсіз. Әрине әртүрлі географилық ортаның әсері мен климаттың өзгеруін жоққа шығара алмаймыз, ол анық. Бірақ көшудің негізгі факторларының бірі – табиғи ресурстарды сақтау десек қалай қарайсыз? Ал көшпенділер нағыз табиғи, экологиялық жүйенің қорғаушылары дегенге сенер ме едіңіз?Сену қиын, алайда отырықшы халыққа қарағанда, көшпенділер көбірек экологияны сақтап қалды. Ал көш сол жүйені іске асыратын алтын көпір болды. Мысалы отырықшы халық бір аумақта, атамекенім деп 30-40 жыл, не одан да көп жылдар бойы тұра беруі мүкін. Егін егін егіп, бау-бақша салу үшін жердің шүйгінін, топырақтың құнарын таңдайды. Бірақ бірнеше ғасырдан кейін сол құнарлы топырақ эрозиясының қайта түзілуі үшін тағы бірнеше ғасыр күту керектігін білетін шығарсыз? Ал көш тұрмысындағы көшпелілер топыраққа да, жерге де, ғасырларға созылатын зиян келтірмеді. Керісінше қол жануарлары өсімдік тұқымының жаңаланып отыруына себепші болды. Арғы бабаларымыздың «жер-ана» деп қастерлеп, жер асты байлығы мен ресурстарына қол созбаудың мәні осында болса керек. Сол себепті көшпенділерге «атамекеннен» гөрі, «ата қоныс» деген ұғым жақын болды.
Еуропа елдері, Қытай мен Жапонияда велосипед басты көлік құралдарының біріне айналған. Біздің елімізде де велоспорт жақсы дамып, күнделікті жұмыс пен сабаққа велосипедпен барып келетіндердің қатары көбейіп жатыр. Егер сіз бұрын-соңды велосипед теуіп көрмесеңіз, елден қалмай, бұл денсаулыққа пайдасы мол, көңілді сергітетін спорт түрімен айналысып көріңіз.
Мамандардың айтуынша, велосипед серуендерінің мынадай жағымды жақтары бар.
Велосипед тебу бұлшық етті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады. Қала көшелерінде велосипедпен жүру тез әрі ыңғайлы, жол тығындары кезінде велосипедтің көліктер алдындағы артықшылығы қатты байқалады.