Табиғат – тіршіліктің тал бесігі. Осы табиғаттың мейіріне бөленіп, адамзат ғұмыр кешеді. Табиғат адамға пана болумен ғана емес, ғажайып көркемдігімен де тамсандырады. Шыңында мәңгі қар тұрақтаған ақ бас таулар, сылдырап аққан өзен, жаз келсе, жапырағы жайқалып шыға келетін ағаштар, жерге төселген кілемдей жап-жасыл шөп еріксіз езу тартқызады. Кең даланы нұрға бөлеп, арай төккен таң шапағының көрінісі ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Табиғаттың бізге берер байлығы ұлан-асыр. Жер астынан алынатын қазба байлықтарын айтпағанда, күнделікті ішіп жүрген мөлдір суымыз, тіпті жеп жүрген нанымыз бен тамақтарымыздың өзі — табиғат-ананың бізге берген игілігі. Иә, демек, табиғат – біздің анамыз. Ал біз –табиғаттың перзенті, оның бір бөлшегіміз. Табиғат пен біздің арамызда ежелден тығыз байланыс қалыптасқан. Біздің табиғаттан бөлек өмір сүруіміз мүмкін емес. Табиғат – адамзаттың тал бесігі. Солай бола тұра, табиғатқа пайдадан гөрі зиян келтіретін өгейлік көрсетіп жүрген перзенттері аз емес. Далаға кішкентай қоқысты тастай отырып, біз табиғатқа орасан зиян келтіреміз. Ал одан да зорын жасап отырған адамзат табиғатты да бір сәт естен шығармағаны жөн. Сансыз көліктерден, зауыттардан шығатын шығатын түтіндер ауамызды күн сайын ластай түсуде. Бұлар адамзат игілігі үшін жасалып отырса да, табиғатқа келтірер зиянының ұшан-теңіз екенін ұмытпауымыз керек. Ағын суға ойланбастан қоқыс тастай салатын адамдар да бар. Осының бәріне табиғат-ана үнсіз қарап, бізге пана болуын доғарған емес. Адамзаттың қолдануы үшін барынша табиғи нәрселерді ойлап табу – табиғаттың адамзаттан күтетін үміті. Біз табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреміз. Сондықтан табиғатқа зиян келтірмей, оны көркейтуге үлес қосуымыз керек. «Бір тал кессең, он тал ек» деп дана халқымыз айтқандай, табиғатты көркейту, оған зиян келтірмеу – адамзат алдында тұрған ұлы міндет! Ойымды мына жолдармен аяқтағым келеді: Табиғат – тал бесігі адамзаттың, Көркіңе көзім тоймай, таңдай қақтым. Бар байлығын бересің перзентіңе, Табиғат, панамды да сенен таптым. Бағала, табиғатты , ей, адамзат, Келтірме зиян оған, жетер, тоқтат! Табиғат – ол бір анаң мейірімді, Таппайсың қазынаны одан қымбат!
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайтын салалардың бірі екендігі барлығымызға мәлім.Көлік жүйесі басқаларына қарағанда үлкенірек.Себебі,бұл жүйеге барлық байланыстар,көлік түрлері,құралдары мен кәсіпорындары кіреді.Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы үлкендеу елдер үшін маңызы ерекше.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқындырақ дамуына негіз болды.Әсіресе,автокөліктердің күннен күнге әдемірек,жылдам және сапасына қарай қымбаттаулары шығып жатыр.Олардың жүз мыңдаған маркалары мен түрлері бар десек,қателеспейміз.Мысалы,арыс автомобилі жүк автомобиліне қарағанда жылдамдау және шағынырақ келеді.Керісінше,жүк автомобилі үлкен әрі бірнеше дөңгелектері болады.Қазіргі күнде адамдар өзі қалаған автомобильдің кез-келгенін сатып ала алады.
Объяснение:

Қазіргі кездегі автокөлік түрлері.