В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Дошик132
Дошик132
10.03.2020 08:35 •  Қазақ тiлi

Үстеудің неше түрі бар?Барлығын бір-біолеп жазып берндерші​

Показать ответ
Ответ:
matlis
matlis
23.08.2020 14:45

Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі - оның лексика-семантикалық сипаты. Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық, себептік, мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты олар мынадай мағыналық топтарға бөлінеді:

Мезгіл үстеулері амалдың, іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін, уақытын білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бүгін, ертең, қазір, биыл, енді, таңертең, кешке, күндіз, кеш, қыстай, жаздай, қыстыгүні, жаздыгүні, әзірше, жаңа, кеше, бұрын, ерте, т.б. сөздер.

Мекен үстеулері қимыл-әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: алға, артқа, артта, жоғары, төмен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен, тысқары, осында, мұнда, әрі-бері, жол-жөнекей, жолшыбай, т.б. сөздер. 

Мөлшер үстеулері амалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қанша? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: онша, сонша, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыдыру, анағұрлым, т.б. сөздер.

Сын-қимыл (бейне) үстеулері қимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын білдіріп, қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрең, үнемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін, ақырын, шалқасынан, оқыс, дереу, зорға, қапыда, өзінше, ерекше, ретімен, жасырын, бір жола, шала-пұла, бетпе-бет, жападан-жалғыз, т.б. сөздер.

Күшейткіш үстеулері заттың сындық белгісін, қимыл, іс-әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, әбден, мүлде, өңкей, дәл, керемет, орасан, т.б. сөздер.

Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге жататын сөздер сан жағынан көп емес. Олар: әдейі, жорта, қасақана.

Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді. Себеп-салдар үстеулері не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бекерге, босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан.

Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулері нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ-тобымен, т.б. сөздер.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота