Төменде берілген мақалдар мен мәтелдерді жаз. Мағынасын түсіндір. Осыларға сәйкес келетін орыс тіліндегі мақал-мәтелді тауып жаз.
Қалай ойлайсың, олардың сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар?
Пікіріңді айт.
1. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
2. Бір айналдырғанды шыр айналдырады.
3. Қайыршыға жел қарсы.
4. Үш күннен кейін адам көрге де үйренеді.
5. Қуа берсе, қоян да батыр болар.
6. Қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді.
Мектеп асханасы туралы.
Біздің мектебіміздің асханасы екінші қабатта орналасқан. Асхананың іші кең, әрі жарық, биылғы жылы ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи жиһаз бен тұрмыстық техникамен жабдықталды.
Асхана таңғы сағат 8 – ден түскі сағат 4 – ке дейін жұмыс істейді. Асханадағы аспаз апайлар күнделікті жаңа тағамдар әзірлеп, ас мәзірін жаңартып отырады. Сонымен қатар, асханада мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары тегін түскі тағаммен қамтылған.
Біз асханаға үлкен қоңырау кезінде барып, ыстық тәтті тоқаш немесе бәліштермен шай ішкенді ұнатамыз. Асханадағы тағамдар өте дәмді!
Асханадағы әзірленетін тағамдарды үнемі мектеп медбикесі тексеріп, жыл маусымына байланысты барынша көп табиғи дәрімендермен қамтылуын қадағалап отырады.