Төмендегі өлең жолдары бойнша әңгімелесіңдер. өлең жолдарындағы ақынның суреттеуін көз алдарыңа елестетіп, суретін салыңдар. күн тыңдап, кірмей тұрды ұясына, бұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына, мақұлық жерде, көкте маужырады, қараған бір жан болмай шаруасына.
менің сабағымның сенің сабағыңның оның сабағының
менің сабағыма сенің сабағыңа оның сабағына
менің сабағымды сенің сабағыңды оның сабағын
менің сабағымда сенің сабағыңда оның сабағында
менің сабағымнан сенің сабағыңнан оның сабағынан
менің сабағыммен сенің сабағыңмен оның сабағымен
сіздің сабағыңыз, сіздердің сабақтарыңыз
сіздің сабағыңыздың, сіздердің сабақтарыңыздың
сіздің сабағыңызға, сіздердің сабақтарыңызға
сіздің сабақты, сіздердің сабақтарыңызды
сіздің сабақта, сіздердің сабақтарыңызда
сіздің сабақтан, сіздердің сабақтарыңыздан
сіздің сабақпен, сіздердің сабақтарыңызбен
сендердің сабағың, олпрдың сабағы
сендердің сабақтарыңның, олардың сабақтарының
седердіңсабақтарыңа, олардың сабақтарына
сендердің сабақтарыңды, олардың сабақтарын
сендердің сабақтарыңда, олардың сабақтарында
сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтарынан
сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтары
Жеміс – жидек пен көкөкністің адам ағзасына пайдасы.
Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үстеліңізден үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.
Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенер болсақ, кейбір көкөністер мен жемістер кей аурулардың алдын алуға да септігін тигізеді. Мысалы, жасыл және сары түсті көкөністер: саумалдық, бұрыш және де шаршыгүлді өсімдіктерді, оның ішінде түсті қырыққабатты пайдалану қатерлі ісіктің алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Ал жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу үшін алма, алмұрт, цитрусты жемістерді көптеп пайдаланып, крестгүлді өсімдіктерден түрлі салаттарды дайындап жеген пайдалы. Сонымен қатар, көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіріп және де иммундық жүйені жақсартуға ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кем дегенде тәулігіне бес мәрте (400 грамм шамасында) кез-келген, тіпті мұздатылған, көкөніс пен жемістерді қабылдауға кеңес береді.