ІХ ғасырдан бастап ислам күшпен емес, бейбіт түрде насихатталып, түркілер біртіндеп исламды қабылдай бастады. Мысалы, 961 жылы Қарақан қағаны Мұса Ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялады. Задында, бір дінді мемлекеттік дін етіп жариялау үшін сол дінге халықтың басым көпшілігі илануы тиіс. Яғни, Мұса қағанның бұл шешімінен сол кездегі Қарақан мемлекетіне бағынышты елдің Иламды қабылдағанын аңғарамыз. Тарихшы З.Китапшы, В.Кляшторний, Т.Сұлтановтың келтірген деректеріне сүйенсек, бір күнде он мың үй қыпшақ-түркі исламды қабылдаған кездер де болған көрінеді. Исламның бейбіт түрде насихатталуының нәтижесінде халық хақ дінді кең арнада қабылдап қана қойған жоқ, түркілердің ішінен көптеген дін ғұламалары шыға бастады. ІХ ғасырда Муғтазалия ілімінің Аббасидтер идеологиясына айналуына байланысты Орталық Азияда Исламның рационалистік ағымдары өмір сүрді. Осының нәтижесінде Фараби, Ибн Сина, Бируни, Матуриди секілді шариғатпен қатар пәлсапа ілімін менгерген ғалымдар шықты. Сондай-ақ, наклді (Құран мен Сүннет) жоғары қойған Бұхари, Муслим секілді хадистанушылар төбе көрсетті. Факиһтер мен сопылардың арасындағы қақтығыс кезінде Марғинани, Дабуси, Сарахси, Бәздауи секілді фыкһ ғалымдары бой көрсетті. Тіпті, Қарақан дәуірін терең зерттеген З.Кабакшы осы кезеңде Мәуреннахрдан үш жүзден астам фыкһ ғұламаларының шыққанын айтады. Ал сопылық ілімнің таралуына келетін болсақ, Жүсіп Хамадани, Абдулхалық Ғыждуани, Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Нәжмидденн Кубра секілді сопылар өз тарихаттарын құрды. Бұл екінші кезеңде де Орталық Азия біркелкі Исламды толық қабылдай қойған жоқ. Орталық Азияның Хорасан, Иранмен шекаралас аймақтарындағы халықтар көбінесе шииттік сенімде болды. Сондай-ақ, көшпелі тұрмыс кешетін қыпшақтар ескі Тәңір сенімінде еді. ХІІ ғасырдағы Елуй Дашы бастаған Қидандардың Орталық Азияға басып кіруі, сонымен бірге ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс ханның шапқыншылығы кезінде Исламның қанат жаюуы біршама уақытқа тоқырауға ұшырады. Әбілғазының «Шажра-ат Түрік» атты шығармасында Шыңғыс ханның Исламға қарсы болмағандығы айтылады. Десек те оның ұрпақтарының бірі Исламға қарсы болса, бірі Исламның жоқтаушысына айналды. Мысалы, Шағатайдың баласы Күйік Орталық Азиядағы Ислам өкілдерін қыспаққа алса, Батудың баласы Сартақ христиан дінін қабылдап, осы діннің сойылын соқты. Ал, Жошының баласы Берке Кубравия тарихатының мүриді болып, Исламның туын көтерді. Тіпті, Алтын Орданың ханы Өзбек хан ХІV ғасырдың басында Ясауи тарихатының өкілдерінің ықпалымен Ислам дінін мемлекттік дін етіп жариялап, сол кезде шииттерден қысым көрген Тафтазани секілді сунниттік ғұламалар Сарай Беркеден пана тапты.
Хақ діннің Қазақ халқының жан-дүниесінен орын алуы
Ислам дінінің Қазақ халқының жүрегінен орын алуына Ясауи тарихаты мен Нахшбандия тарихатының (бұдан өзге кувравия, каландария, хуруфия секілді т.б сопылық қауымдастықтар болды) өкілдері екпінді ықпал етті. Қазақ халқы негізінен көшпелі ғұмыр кешкеннен кейін мешіт-медресе ұстай алмады. Бірақ, Қазақ халқы Исламмен ел кезіп адақтаған сопылардың уағызы арқылы танысты. Сопыларда Исламды халықтың таным-түйсігіне қарай жырмен, өнермен насихаттады. Ясауи бабамыздың ілімі «Диуани хикметте» жыр жолдарымен насихатталды.
«Қыз Жібек» – қазақ халқының әйгілі лиро-эпостық жыры. Жыр – махаббат машақаты жолында туындаған оқиғаға құрылдған. Шамамен XVIІ ғасырда қазақ даласының батыс өңірінде, яғни Кіші жүз қазақтары арасында дүниеге келген жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз, яғни болса, кейбір сюжеттік қосындылар мен суреттеу, баяндаулардағы қысқа немесе кеңінен толғаушылық болса керек. Аталған жырды алғаш рет Е:А. Александров 1880 жылы Мұсабай ақыннан жазып алып, ұзын-ырғасын қара сөзбен орысшаға аударған болса, татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен жазып алып, 1894 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырған. Біз төменде аталған нұсқамен қоса Жүсіпбекқожа Шайхисламов жинақтап, Қазанда бірнеше рет бастырған толық нұсқасын да жариялап отырмыз.Фильмнің бірінші бөлімінде Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі.
Фильмнің 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады."Қазақ халқының даналығы көрініс тапқан жыр"Жібек — Меруерт Өтекешева

Объяснение: