В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Katrun15
Katrun15
19.06.2020 21:09 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
[10]
 
А мәтіні
А ң достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі а ң тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы а ң бір–біріне  мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
 
Ә мәтіні
Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады», – деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйі алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып, үйден шығып, досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Екеуі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.
 
А мәтіні
Ә мәтіні
Мәтіндерде не туралы айтылған?
 
 
Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)
 
 
Мәтіндердің ұқсас тұстары бар ма?

Мәтіндердің айырмашылығы неде?​

Показать ответ
Ответ:
рома1340
рома1340
30.09.2021 21:38

Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.

«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».

Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!

0,0(0 оценок)
Ответ:
mrstrygin00owizqu
mrstrygin00owizqu
06.09.2021 15:14
--Сенің ойыңша уақыт деген  не?
--Уақыт деген ,ол дүниедегі ең қымбат зат. Уақыт қайта оралып келмейді.Уақытты дұрыс пайдалану керек.
--Уақытты дұрыс пайдалану үшін не істеу керек ?
--Уақытты дұрыс пайдалану үшін әрбір істі ақылмен  уақытында істеу керек.Уақытты дұрыс пайдаланған адам үлкен жетістіктерге жетеді.
--Уақытты дұрыс пайдаланбасаң не болады?
--Уақытты дұрыс пайдаланбасаң  үлкен жетістіктерге жете алмайсын.
--Ал сен уақытты дұрыс пайдаланасын ба ?
--Мен уақытымды босқа өткізбеймін. Мен көп кітап оқимын, спортпен айналысамын, мектептегі үйірмелерге қатысамын.
--Сенің мектебіңде үйірмелер бар ма ?
--Біздің мектепте көп үйірмелер бар.
--Ендеше мен де үйірмелерге қатысып, кітап оқып үақытымды босқа өткізбеуге тырысамын.
--
--
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота