-тапсырма. Өлеңді тыңда. Өзіңнің туған жеріңді сипатта. Менің елім
Салқындап саясында самал-көлдің,
Бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім...
...Тікенге балтырымды талатып ем,
Ал қазір дала - барқыт, дала - кілем.
.
Кетіп ем сол даладан шыбық мініп,
Оралдым бір талаптың қанатымен.
Ж. Нәжімеденов
Балалар күн шуағын шақырып, бір – біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.
Балалар күшікті көріп таң қалады.
Ұйымдастыру, іздену. Тәрбиеші балаларға күшікті таныстырады.
- Балалар, бұл не? Бұл кішкентай сүйкімді күшік. Қандай әдемі, жүні жұмсақ, көзі бар, мұрны, құлағы, кішкентай құйрығы бар. Өзі ала, қара мен ақ араласқан, табандарыда жұмсақ. Қане балалар, бұл күшіктің атын білмейміз. Ендеше ат қоямыз. Не болсын? Төсі ақ - Ақтөс болсын ба? Әлде табаны ақ Ақтабан болсын ба?
- балалар бұл күшік үйінен адасып шығып кеткен, қарны ашқан болу керек, бәріміз тамақтандырайық.
Өлеңін оқу:
Күшігім менің үріп тұр
Бір нәрсені сезіп тұр
Есікті ашып қарасам
Атам. Әжем келіп тұр.
Сұрақтар қою:(осыған сергіту сәтінде кіреді)
Балалар күшік ашуланса қайтеді?
Бірдеңені сезіп қалса не істейді?
Қатты жүгіргенде қайтеді?
Күшік қалай демалып жатады?
Күшігіміз сүтке тойып алды. Енді жылы үйшік керек. Біз күшікке үйшік жасап беріп қамқорымызға алайық. Мен Ақтөсті суретке түсіріп алдым әр қайсысын өз күшіктеріңе үйшік жасаңдар. (үшбұрыш, төртбұрыш, жарты дөңгелек)
«Қуыспақ» ойынын ойнайды. Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Күшікпен жақсы танысады.
Күшікке «Ақтөс», деп ат қояды.
Күшікке аяушылық білдіріп, сүт береді. Күшіктің тамақтанғанын көріп балалар қуанады.
Өлеңді қайталап айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.
Балалар геометриялық пішіндерден күшікке үйшік құрастырады.
Күшікпен қуыспақ ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексивті түзету. Балалар күшікке әдемі қарғыбау сыйлайды.
Тәрбиеші балаларды жұмысы үшін мадақтайды. Балалар күшікке қарғыбау сыйлағанына қуанады.
Объяснение:
как то так надеюсь правильно
Табиғат құшағында өмір сүрген, жерді анасындай қастерлеп, «Жер-Ана» деп атаған түркілердің тіршілігі мен дүниетанымында көктемнің шығуы маңызды оқиға саналғаны белгілі.
Наурыз – түркі халықтары орналасқан аймақтың солтүстігінен оңтүстігіне, батысынан шығысына дейінгі аралықта өмір сүретін түркілер кең көлемде атап өтетін мейрам. Әдетте мейрамдардың діни сенімге, ұлтқа ортақ құндылықтарға байланысты пайда болатыны немесе дәстүрден, табиғат пен адамдар арасындағы байланыстан бастау алатыны белгілі.
Наурыз - түркі халықтарының ортақ мерекесі
Бұл мейрам Ислам дінін қабылдаған отырықшы және көшпенді түркі халықтарында топ болып аң аулау, той, өлімді атқару секілді Исламға қатысы жоқ салт-дәстүр ретінде жалғасын тауып келеді. Бұл дәстүрлердің нақты қай кезде пайда болғанын тап басу айту мүмкін емес. Қалай, неге, не үшін пайда болғаны жайлы сұрақтар туындамай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын тауып келеді. Осы ерекшелігі тұрғысынан алғанда салт-дәстүр – ұлттық байланысты күшейтетін ең маңызды нәрсе. Көктем келісімен тойланатын Наурыз – міне, осындай салтымыздың жалғасы іспетті дәстүрлі мерекеміз.
Наурыз мерекесінің діни ағымдарға еш қатысы жоқ. Ол – Исламнан көп бұрын пайда болған мейрам. Яғни, бір діннің немесе мәзһаптың діни мейрамы емес. Сондықтан бір дінге, бір мәзһапқа немесе бір этникалық топқа телінуі, араға сызат түсірген элемент ретінде қарастырылуы дұрыс емес.
1991 жылы тәуелсіздіктерін жариялаған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан,Түркіменстан, Әзірбайжан республикалары және Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық республика Татарстан 21 наурызда атап өтілетін Наурыз мерекесін «ұлттық мейрам» ретінде жариялады. 1991 жылы Түркияда да бұл күн түркі әлеміне ортақ күн ретінде жарияланды. Әрине, Түркияда бұл күн – жұмыс күні, ресми мереке емес.
Наурыз - түркі халықтарының ортақ мерекесі
Наурыз – Ергенеконда темір тауларды ерітіп, қайта тірілген ата-бабалардың рухы тұтатқан, түркі халықтарын бір-бірімен байланыстыратын алау. Бұл алау мыңдаған жылдар бойы сөнген жоқ, болашақта да осы алаудан ұшқан ұшқындар мыңдаған жандарды ортақ мәдени құндылықтар айналасында біріктірері сөзсіз. Еуразияның, түркі әлемінің наурыз гүлдері болашаққа үміт сыйлары анық.
Наурыздың түркі халықтарындағы атауларына келсек, түркі әлемінде ғұндар заманынан бізге келіп жеткен, табиғат пен ұлттық оянуды бір мағына ретінде ұсынатын наурыз (жаңа күн) мерекесі мына атаулармен аталғаны белгілі:
невруз, наурыз, новруз, сұлтан-и невруз, сұлтан-и наурыз, наорус, новроз, наврыс, невруз норус, ұлыстың ұлы күні, ұлы күн, Ергенекон, бозкурт, чаган бабу марта, жаңа күн, жаңа жыл, март докузу, мереке, мейрам, нартукан, нартаван, Алтай көдүргені, көктем мерекесі, меврис және т.б.