Тапсырма Мәтіні мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Өмір жаңгырыгы Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Гани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жогарыдан «А-а-а-а!» -деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанганына таңырқап: «Сен кімсің?» деп дауыстаганда, Ғаниға: «Сен кімсің?» — деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: «Сен қорқақсың!» — деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: «Сен қорқақсың!» — деп жауап берді Қатты ашуланган Ғани әкесіне қарап: «Әке, бұл кім өзі?» – деп сұрады. Әкесі: «Ұлым, менің сөзіме құлақ сал», – деді де тауға қарап тұрып: «Мен сені жақсы көремін!» – деп айқайлады. Таудан: «Мен сені жақсы көремін!» – деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: «Сен әдемісің!» деді. Жауап: «Сен әдемісің!» деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: «Бұл жаңғырық. Жаңғырық а көп нәрсе үйретеді. Сен өмірінде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!». (166 сөз) (https://angimeler.wordpress.com) 1. «Егер ..., онда ..., өйткені ...» тәсілімен мәтін мазмұнына байланысты 2 сөйлем құрыңыз. 2. Мәтіндегі нақты ақпараттар арқылы түсініктеме беріңіз. Мейірімділікті қаласаң
1)егер сен жақсылқты қаласаң, онда сен басқаларға жақсы бол, өйткені олар сағанда жақсы болады.
2) білмеймін кешір