В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
PSerega11111111
PSerega11111111
11.04.2020 07:12 •  Қазақ тiлi

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Сәйкестендіріңіз.

Сәйкестендіру саны: 6

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның байланысы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі

Дэннидің рингке көтерілуі

Ривераның жеңісі

Ривераның айласы

Ривераның рингке шығуы

Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері

Ривера мен Дэннидің айқасы

Артқа

Алға

Показать ответ
Ответ:
diaweeti551
diaweeti551
07.04.2021 18:10

ответ:Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.  

Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.  

Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
отличник714
отличник714
08.01.2023 18:43

Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы.

Жер шары халқын қандай принцип негізінде топтастырады? Адамзат қандай нәсілдерге жіктеледі? Нәсілдер арасындағы айырмашылықтар немен түсіндіріледі?

Нәсілдік құрамы. Сендер географияның бастапқы курстарында нәсілдер мен олардың Жер шарында таралу ерекшеліктерімен танысқан болатынсыңдар. Жалпы алғанда,нәсілдер — адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет өлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы және т.б.) бойынша біріктірілетін топтары. Антропологиялык белгілер ұзак уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нөтижесінде қалыптасқан. Нәсілдік белгілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер етуі мүмкін, соңғы 30 жыл ішінде халықтың әл-ауқатының жақсаруы нөтижесінде жапондыктардың бойы орташа есеппен 10 см-ге ұзарған. Жер шары халқы негізінен үш үлкен нәсілге (еуропальщ, моңғол тектес жөне экваторлық) жатады. Кейбір ғалымдар экваторлық нәсіл құрамындағы африкалық және аустралиялық нәсіл топтарын жеке нәсілдер ретінде қарастырады. Негізгі нәсілдердің үлесіне дүниежүзі халқының 70%-ға жуығы тиесілі. Нәсілдер аумақтық ерекшеліктеріне байланысты нәсіл тармақтарьіна ажыратылады. Дүниежүзіне кеңінен таралған еуропалык нөсілдің солтүстік тармағын Еуропаның солтүстігі мен орта бөлігінің түрғындары күраса, оңтүстік тармағына бүл нөсілдің Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Алдыңғы Азия жэнө Солтүстік Үндістандағы өкілдері енеді.

Тарихи-географиялық жағдайларға байланысты нәсілдер арасында араласу болған. Ұзақ уақыт бойы нәсілдердің қарқынды байланыс жасауы нәтижесінде айрықша аралық және аралас нәсіл топтары қалыптасқан. Олар дүниежүзі халқының 30%-ын құрайды. Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыптасқан. Мысалы, еуропалық нәсілдің оңтүстік тармағы мен африкалықтардың аралығында бет-әлпеті мен бас сүйегі еуропалықтарға, ал түсі мен шашы қара нәсіл өкілдеріне ұқсайтын эфиоптар пайда болған. Мадагаскарлықтар, полинезиялықтар мен меланезиялықтар да аралық нәсіл тобының өкілдері болып табылады. Кейбір зерттеушілер қазақтарда еуропалық және моңғол тектес нәсілдердің белгілері қатар кездесетінін атап көрсетеді.

Аралас нәсіл топтары әртүрлі нәсілдердің кейінгі уақытта (XVI—XVIII ғғ. және одан кейін) араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Аралас нәсіл топтары, әсіресе Латын Америкасында кеңінен таралған. Мысалы, азиялық нәсіл өкілдері болып табылатын жергілікті үндістер мен келімсек еуропалықтардың некесінен метистер, Африкадан зорлықпен құлдыққа әкелінген қара нәсіл өкілдерінің еуропалықтармен араласуынан мулаттар, ал үндістермен араласуынан самболар қалыптасқан. Осының нәтижесінде Латын Америкасы елдерінің нәсілдік қурамы күрделі. Мысалы, Бразилия халқының 54%-ын еуропалықтар, 22%-ын мулаттар, 12%-ын метистер, 11%-ын қара нәсіл өкілдері құрайды. Қазіргі кезде Мексика мен Венесуэлада метистер, Бразилия мен Кубада мулаттар көп тұрады. Сыртқы айырмашылықтары болганымен, нәсілдердің биологиялық жөне әлеуметтік-мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі ғылым жүзінде дәлелденген. Сондықтан ақыл-ойы жоғары немесе төмен нөсілдер болатындыры жөніндегі нәсілиіілдік көзқарастар негізсіз болып табылады. Дегенмен өлі күнге дейін кейбір елдерде нөсілдік кемсітушілік жағдайлары кездеседі.[1]

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота