В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Balthazar1
Balthazar1
31.10.2021 19:06 •  Қазақ тiлi

Тыңдалым мәтініндегі бірыңғай мүшелердің қызметін анық- тандар. Бірыңғай мүшелерді қатыстырып, өздерің де қоршаған
ортадағы жеті қазына туралы мысалдар жазыңдар.​


Тыңдалым мәтініндегі бірыңғай мүшелердің қызметін анық- тандар. Бірыңғай мүшелерді қатыстырып, өздер

Показать ответ
Ответ:
topovyjpocan
topovyjpocan
12.08.2021 11:16

Объяснение:

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы  борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді  ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен  міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Туған өлкем байлығы мол қазынам,

Сол байлықтың шуағында шомылам.

Бәрінен де артық көрем мен сені,

Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.

Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,

Аң мен құсын арыстандай көремін.

Туған өлкем ол менің жер жәннатым,

Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды  аялайық та, сүйе білейік.

0,0(0 оценок)
Ответ:
matvienko14
matvienko14
26.01.2020 02:18

Ерлан Жүніс 1984 жылы қараша айының 7 жұлдызында Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мектепте оқып жүрген кезінен поэзияға құштар жастың «Жыр-перзент» деген алғашқы жинағы 2001 жылы жарық көрді. Осы жылы республикалық «Абай оқулары» байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. 2002–2007 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінде оқып білім алған. «Қазақ әдебиеті» және республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеттерінде, «Кентавр» әдеби апталығында қызмет еткен. Қазақстан Жазушылар одағында референт-әдеби кеңесші қызметін атқарған.

 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Әдебиет» саласы бойынша Гран-При және Президент Кубогін иеленді. 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», «Егіз кітап» («Twinbook»)», 2013 жылы «Хауас», 2014 жылы «Ғаусар», 2015 жылы «Үміт жырлары» атты жыр жинақтары жарық көрді. 2012 жылғы Мемлекеттік стипендияның және «Дарын» жастар сыйлығының иегері.

Объяснение:

надеюсь

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота