ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
5-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. Осы тақырыпты таңдауыңныңперевести на руский
себебін түсіндір.
Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы
табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп жатқанда
солтүстігінде әлі қар жатады. Республиканың оңтүстігінде күріш, қант
Қызылшасы, мақта, жүзім және көптеген өсімдік өсіріледі. Жазы ыстық әрі
құрғақ болады.
Республиканың солтүстігінде бидай жақсы өседі. Мұнда күн ыстық емес,
жаңбыр да жиі жауып тұрады.переводна руский
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.