В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
18Tanya
18Tanya
13.10.2021 10:57 •  Қазақ тiлi

ЖАҢА СӨЗДЕР
арба, дүниені кезу​

Показать ответ
Ответ:
Sasha23333000
Sasha23333000
30.05.2020 13:59

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.

Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.

Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен hui знает, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.

Жібек Үндістанға сол кезде барған, «сина патто» — «кытай жібегі» деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды.  Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандар

ынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
gordeeva2003
gordeeva2003
22.04.2020 00:28

Табақ тартудың шебері ретінде үйіне шақырып, табаққа етті мүшелеп салу кәдесін жасауды оған сеніп тапсырады. Айтуынша, малдың жілігін орнымен тартпаса, қонағына деген сый-құрметті дұрыс көрсетпегенмен тең.

Жалпы қазанға етті қонақ санына қарай саламын. Бес адамға бір табақ ет есептелінеді. Ал бір табаққа кемінде екі жілік салмасаң аздық етеді. Мысалы, бас табаққа жамбас міндетті түрде салынады. Бас табақ үлкендерге тартылатындықтан, жанына кәрі жілік салынады. Бірақ кәрі жілік бір бөлмеде отырған қонақтарға бірнеше табақ тартылғанда екі рет салынбайды.

Екінші табаққа ортан жілік, қабырға, омыртқа, сүбе, құйрық май салынады. Үшінші табаққа жауырын салынады омыртқа, сүбесі, құйрық майымен салынады. Ал төртінші табаққа асықты жілік. Егер күйеу болса төсін қосады.

Ал құдағиларға арнап бесінші табаққа жағымен қосылып жамбасты салады. Келесі табаққа кәрі жілік қабырғасымен, омыртқа сүбесімен салынады. Одан кейінгі табаққа ортан жілік салынады. Содан кейін тоқпан жілік алынады. Жауырынмен тағы бір табақ тартылады.

Қалған тоқпан жілік, асықты жілікті жастар жағына қояды. Бір ескеретін жайт, өлімде күйеуге арналып тартылатын төс табаққа салынбайды.

Барлық табаққа бел омыртқа, бір тілім құйрық май, бір тілім сүбе, екі үлкен қабырға салынады. Жастар табағына жай омыртқа салынады. Екінші табаққа ортан жілік, бел омыртқа салынады. Үшінші табаққа жауырын, бел омыртқа, қабырға салынады.

Оқи отырыңыз: Сүндеттеудің сыры

Ал төртінші табаққа басқа бөлмеде немесе басқа үстелде отырса, кәрі жілік тартыла береді. Бірақ кәрі жілік орта жасқа жетіп қалғандарға беріледі. Жастарға топатай жілік, жай омыртқа, сүбе құйрық майымен тартылады. Ал отбасындағы қыз-келіншектерге асық жілік, мойын омыртқа, қалған қабырға беріледі.

Төс пен құйымшақ тарту дәстүрі

Жасы 70-80-ге келсе де өз үйіне келгенде кемпір қыз болып есептеледі. Күйеу бала да солай. Сондықтан төркіндеп келген қыз төрде отырады. Ал қыз отырған жерде табаққа құйымшақ салынады. Ал күйеу бала келгенде төсін алдына қойып, жеңгелері міндетті түрде төстің кәдесін алады.

– Соңғы кездері қонаққа барғанда жілікті табаққа дұрыс кәделеп салмайтынын байқап жүрмін. Етті турап әкелетін дәстүрді шығарды. Бұл біздің қонаққа көрсететін ең үлкен құрмет-сыйымыз болғандықтан ол дәстүрден ажырамауымыз керек. Біз – өте ырымшыл халықпыз. Үлкендер ас жеп болған соң жастарды шақырып алып, бас табақтан асатып жатады. Бас табақтан ас жеп отыратын біздің жасымызға жет, жолымызды берсін деп тілегені.

Әр жердің салты басқа...

Алайда табақ тарту рәсімі қазаққа ғана тән дәстүр болғанмен, орналасқан аймағына қарай жіліктердің орнын ауыстырып тарта береді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота