В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
yanaantonova0
yanaantonova0
05.08.2020 16:38 •  Қазақ тiлi

Жапырақ • • Ka
аудар. С
рын құр
Үлг
2. Е-
Көктем келді. Аққайың бұтақтарындағы өркендер?
де шетінен бүр жарып, жапырақ жаюда. Тек кенже
бүршік қана асыға қоймады. Бірақ күннен-күнге жы-
луы күшейе түскен күн сәулесі аймалап жүріп, оны да
қауызын жарып шықпасына қоймады. Бойына жылу
жүгіріп, есінеген бүршік кенет жарыққа шықты.
Демде жасыл жапыраққа айналды. Ол өзін қоршап
тұрған табиғаттың сұлулығын көріп қайран қалды.
Табиғат қандай әдемі еді! Жапырақ жан-жағына көзі
тоймай қараумен болды. Құстардың сайраған көңілді
үніне құлақ түрді *у Самал желмен тербеле бақытты
күй кешті *.
Бір күні күн суыта бастады. Жауын жауғаннан кейін
бойы мұздады*. Жапырақтар сары, қоңыр, қызыл түске
боянды. Аспанды жиі-жиі бұлт торлайтын болды.
Бір күні ол Аққайың анадан табиғаттың бұл өзгері-
сінің сырын сұрады...
3. Я
1.
2.
3.
«Жап-​

Показать ответ
Ответ:
Nadezhdakarpov1
Nadezhdakarpov1
15.12.2020 19:37
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
mrstrygin00owizqu
mrstrygin00owizqu
06.09.2021 15:14
--Сенің ойыңша уақыт деген  не?
--Уақыт деген ,ол дүниедегі ең қымбат зат. Уақыт қайта оралып келмейді.Уақытты дұрыс пайдалану керек.
--Уақытты дұрыс пайдалану үшін не істеу керек ?
--Уақытты дұрыс пайдалану үшін әрбір істі ақылмен  уақытында істеу керек.Уақытты дұрыс пайдаланған адам үлкен жетістіктерге жетеді.
--Уақытты дұрыс пайдаланбасаң не болады?
--Уақытты дұрыс пайдаланбасаң  үлкен жетістіктерге жете алмайсын.
--Ал сен уақытты дұрыс пайдаланасын ба ?
--Мен уақытымды босқа өткізбеймін. Мен көп кітап оқимын, спортпен айналысамын, мектептегі үйірмелерге қатысамын.
--Сенің мектебіңде үйірмелер бар ма ?
--Біздің мектепте көп үйірмелер бар.
--Ендеше мен де үйірмелерге қатысып, кітап оқып үақытымды босқа өткізбеуге тырысамын.
--
--
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота