В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
MaksimysLA
MaksimysLA
30.04.2023 01:56 •  Қазақ тiлi

Жазылым 2. Астанадағы Қала күні мерекесіне орай 50-60 сөзден тұратын эссе құр


Жазылым 2. Астанадағы Қала күні мерекесіне орай 50-60 сөзден тұратын эссе құр

Показать ответ
Ответ:
badayevadiana20
badayevadiana20
05.12.2021 05:31

Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, танымтүсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, басаяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі. ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата-ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырлар, дастандар жинақталып, 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. “Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеялар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған.

Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтіктұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lllviktorialll
lllviktorialll
05.12.2021 05:31

Ұлыларды уақыттың өзі туғызады. Заманның өрті мен дерті, дауылы мен жауыны, сеңі мен селі шыңдап шынықтырады. Тарих ұзақ толғатып сирек туатын ұлылар алдына ұлы мақсат қояды. Соның мықты бір мысалы ұлт бағына туған ұлы тұлға Әлихан Бөкейханның өмірі, оның халық үшін басын бәйгеге тіккен тарихи қызметі. Қазақтың бағына біткен осы баға жетпес бағылан ұлт үшін қандай ұлы істер істегенін, бұл жолда басын бәйгеге тігіп, қаншама тар жол, тайғақ кешкенін, оның елім деп еміренген жүрегінің жалынын түрме де, темір тордың іші-сыртындағы қинау да сөндіре алмағанын, қаһарман Азаматтың қайсар рухы мұқалмай, қиындық көрген сайын тас қайраққа қайралған болаттай өткірлене түскенін көзі қарақты халықтың өзі де біледі. Оны тізбелеп жатпай, сөзі мен ісінің арасында айырма болмаған кемел ойлы кемеңгердің данышпанға тән даналық ой-толғамдарын тілге тиек етпекпіз.

Әлихан Бөкейхан: « Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертке соққан семсердей сөзін өзінің бүкіл саналы өмірімен ақтап шықты.

«Бостандыққа қуаныңдар, мені басшымыз деп айтқандарың шын болса, міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдыр: бишараны жемеуге, партияны қойып, бірігуге, бас пайдасымен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек» деген сөздерінің астарын зерделесек ұлылықтың тағы бір ұлағатын ұға түсеміз.

Бұл сәулелі сөздер Жүсіпбек Аймауытовтың: «Бұл уақыт жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт, ойланыңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» деген сөзімен рухтас, қандас. Ел қамын жеп еңіреген екі ер – Әлихан мен Жүсіпбектің ойларының егіздей ұқсастығы тегін емес, оның терең сыры – ұлт бақыты жолындағы басты бәйгеге тіккен тілек пен жүректің, іс-әрекеттің бірлігінде. Ұлт үшін жасаған еңбектері де ұлы! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садақа ететін осындай текті халыққа, мені ұлым, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыт-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» – деген сөзінен ұлт көшбасшыларының мақсат, мұраттарының сабақтастығы айқын танылып тұр.

Халықтың көсегесі қайтсе де көгеретінін Әлихан: « Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады» деген сөздерімен тайға басқан таңбадай айқын айтып берді. Ұлт бағына туған тұлғаның арманы да ұлы. Әлиханнан сөз қалған ба?! Тағы бір мысал: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-кызын оқытсақ, « Қозы Көрпеш- Баян сұлуды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді. Тірі болсақ – алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» деп те жазды ол. Тереңірек зерделесек, бұл сөздерде асыл арман ғана емес, керемет көркем, кермиық көрегендік те бар! Соның көркем көрінісі – өз тізгіні өзінде болған Тәуелсіз Қазақстан! «Алаштың ортасы – Қараөткел, сонда салынған университет, сонда оқып жатқан қазақтың ұл-қызы, Еуропа ғана емес, әлем білген» қазақ.

Әлихан Бөкейхан айтқан ұлағатты ұлы сөздер өзінің маңызын күні бүгін де жоғалтқан жоқ. Оны айтасыз, өмірлік мән-мағынасы ескірмейтін бұл аса асыл, есті сөздер тәуелсіз Қазақстанның әр азаматына жөн сілтеп тұрған бағдаршам, адастырмас ақ жұлдыз! Ахмет Байтұрсынов кезінде: «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» деп жазды. Бұл сөздерде ұлылардың ұлағатты үндестігі бар.

Әлихан Бөкейхан, Жүсіпбек Аймауытов, Сәдуақас Смағұлов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай сынды Алаш арыстарының ұлт үшін жасаған істері еске түскенде ойға сол ұлылардың мұрагері Олжас Сүлейменовтің:

Бұл адамдар мәңгі өшпейтін,

Жүрекпенен көңілден,

Тірі жүрсе жол сілтер ед,

Ай-жұлдыз боп көгіңнен, – деген жыр жолдары ойға оралады! Ақын досым, жүрегіме жақын досым Олжастың оймақтай болса да қорғасындай салмақты ойын қостай отырып айтар аз ғана қосымша: ғасыр басындағы Алаш арыстары тірісінде ғана емес, о дүниеге озғалы да өздерінің аса асыл ақылымен ұлтқа жол сілтеп тұр. Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай: «Ақыл деген – өлшеусіз бір жарық нұр».

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота