ЖАЗЫЛЫМ 7-тапсырма. Мәтіндегі тыныс белгілерді қойылу мақсатына қарай анық-
тап, кестеге түсір.
Тыныс белгінің түрлері
Қойылу жағдаяты
Хабарлы сөйлемнің соңына қойылған.
Нүкте
Үтір
Қаратпа сөзден кейін қойылған.
ЖАЗЫЛЫМ
8-тапсырма. «Дос табу қиын, ал оны сақтау одан да қиын» деген тақы-
рыпқа жұп болып, диалог құрыңдар. Сұрақтарыңның 5-тен кем бол-
мауын және жауапта нақты деректердің қамтылуын қадағалаңдар.
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
"Кітап маған тақтан да қымбат"
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]