В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
nikitabelokon21
nikitabelokon21
01.04.2020 10:19 •  Қазақ тiлi

«Ел іші – өнер кеніші» сөйлемінде сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. А. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылған.
Е. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылған.
В. Бастауышта, баяндауышта Ілік тұлғалы зат есім болғандықтан қойылған.
С. Бастауыш атау септігіндегі сөзден, баяндауыш жіктік жалғауының 3-жағындағы атау тұлғалы сөзден
болғандықтан қойылған.
D. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылған.

Показать ответ
Ответ:
albina24061980
albina24061980
12.12.2022 06:58

Қазақтың тілі мен ділі, ұлттық рух жолында аянбай қызмет еткен қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ұлтжандылықтың тамаша үлгісін, ұлы болмыстың өнегесін іс жүзінде дәлелдеген ақын. Ол 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ақын 1969 жылы Шымкент пединститутын бітірді. Мұхтар Шаханов 1961-1965 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, 1965-1970 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстарындағы тілшісі болып қызмет атқарды. Болашақ ақынның алғашқы өлеңі «Сырдария» (1959) деп аталады. 1966 жылы Мұхтар Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен жарық көрді. 1970-1971 жылдары ақын  Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-1976 жылдары ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға, бас редакторы, ал 1976-1979 жылдары  ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы қызметін атқарды. 1974 жылы Мұхтар Шахановтың «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық» атты жинақтары жарыққа шықты. Ақын 1984-1993 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан бастап) қызметтерін атқарды. Осы жылдары ақынның «Махаббатты қорғау» (1982) және «Ғасырларды безбендеу» (1988) атты өлеңдер, мен поэмалар жинақтары басылды.

Мұхтар Шаханов өлеңдерінің әрбір жолы жігеріңді жанып, рухыңды асқақтатады. Ақынның өлеңдерінде күрескерлік сарынмен бірге, адамзат өмірінің ағысын білдіретін, табиғаттың даму заңдылықтарын бейнелейтін, ойшыл өлеңдері бар. Ақын өмірдің басты тұтқасы – адам, адамға жақсылық жасауы деп түсінеді. Сол себепті «елімнің ағасындай» жақсылар жарық дүниеге ізгілік үшін келуі тиіс деп түсінеді. Шындықты, ақиқатты тануға шақыратын ақынның «Танакөз» поэмасы шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптесе, «Сейхундария» Сырдария туралы көне аңыздардың желісіне құрылған, «Нарынқұм трагедиясы» күрескер ақын Махамбеттің ерлікке толы өміріне арналған. Оның өлеңдерінде адам сезімі жалаң суреттелмейді, қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен қосақтаса, қабаттаса бейнеленеді. Бұған дәлел ­– «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмасы Отырар тағдырын суреттейді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
aliaganieva70
aliaganieva70
15.04.2021 00:24

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.

Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған.

Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күшіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.

Табиғатта қо жоқ, тап – таза су дегенді таппайсың. Таза суды тек лабараторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организімге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.

Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.

Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді.Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.

Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қаттысты талай деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95%  судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі.

Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.

Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.

Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.

Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды.

Адамның тамағына және ішуіне тәлігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.

1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.

1 тонна шойын қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.

Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.

Су болып тұрғанда организмде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір жасушасынан табуға болады.

Біз қап – қатты мұз да, газдай жеп – жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қаламыз. Бұл судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.

Сумен шынығуда сулы шүберекпен сүртіну, суға шомылу, су құйылу сияқты працедурасын қолдану, су құйыну -  шынығудың ең тиімді түрі. Жылы судан бастап бірте бірте салқын суға көшу. Суық су ішкі жылулықты сақтап тұрады. Суық су әртүрлі ауруларды емдейді.

Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде от басының табысының 10 проценті су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен шараптан қымбат бағаланады.Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.

Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады.Европаның бірсыпыра шикізаттары бәрінен де гөрі су мың есе артық тұтынады.Бұлардың бәрінен кейін жалпы Жер шарында тұщшы су қорының шектеулі екені анық көрінеді. Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы біздің еліміз үшін өте – мөте маңызды екенін әр уақыт есте ұстаған абзал.

Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармауымыз керек.Суды қорғауға сіздер және біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота