В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Nuri011
Nuri011
30.09.2020 15:30 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңдар. Алаш зиялыларын тіл мәселесі не себепті алаңдатқанын, бұл мәселенің әлі де күн тәртібінен түспеу себебін талқылап, жазып беріңдер. мини матин
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресінің негізгі мақсаты ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау болды. Әрине, осындай ұлан-ғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлері тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
А.Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта, адамы құрымай, жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», - деп, ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да тіл екендігін алғаш аңғартты. Ахаңның осы сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларының көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың «Тілді сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуы тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз»; Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл»; Халел Досмұхамедұлының «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек»; Мағжан Жұмабаевтың «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы» деген жанашыр ойлары – біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер. Егемен елдің, дербес мемлекеттің мемлекеттік тілі бола тұра, тіліміздің өзінің тұғырына толық қонбай жатқанын ескерсек, Алаш зиялылары өсиетінің бағасы да, маңызы да еселеп артады.
Алаштықтар ана тілін ұлт болмысының басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орнына ерекше назар аударды. Қазіргі кезде ана тіліміз өрісті тақырыптардың біріне айналып отырса, олардың алғашқы үлгілерін дүниеге келтірген де Алаш қаламгерлері болатын. А.Байтұрсынұлының «Туған тілім», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», С. Торайғыровтың «Туған тіліме» өлеңдері - қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұңғыш көркем туындылар еді.

Показать ответ
Ответ:
sukaheva
sukaheva
02.12.2021 13:34
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
torivova2004
torivova2004
04.01.2021 08:32
Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота