В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
danilpasynkov1
danilpasynkov1
05.07.2021 15:35 •  Қазақ тiлi

Мәтінен осы шак, келер шак, откен шак сызып корсету​

Показать ответ
Ответ:
Annuta88
Annuta88
13.11.2020 02:47

ОТВЕТ.

Қазақтың ұлттық мәдениеті мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген. Қазақ халқының ізгілік педагогикасының  классиктерінің жарық  жұлдызы —  Ыбырай Алтынсарин. Ақын бар саналы ғұмырын ағартушылыққа, ізгілік педагогикасына, бар жігерін салып,  «желкілдеп өскен  көк шөптей»  жас ұрпағына арнады. Қазақ поэзиясында Ы. Алтынсарин несімен ерекшеленеді дейтін болсақ, ең бастысы, асыл сөздің негізгі міндетін орындап, өлеңдерін оқыған адамның жанына қажетті рухани білім бере білгенінде. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінің барлығында да ғибрат бар. Ақынның өлеңдерінде өнер, еңбек, кəсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріледі. Ол өмір мəселелерін өз шығармаларындағы кейіпкерлерінің əрекеттері арқылы аша білді.

Ұлы ойшыл, ізгі педагогтың шығармаларында рухани-адамгершілік қасиеттер кеңінен көрініс табады. Халқын берекесіз, жұғымсыз істен аулақ болып, игілікті еңбегімен, өз күшімен күн көруге, шындық үшін жан беруге, адал өмір сүруге шақырады. Қай кездерде болсын өзекті болған тақырыптар қамтылған. Өмірде қанша қиындыққа тап болсаң да, ақиқаттан жаңылмауға, қиындықтан қорықпауға, өзіне, өз мүмкіндіктеріне сенуге, Тәңірге сенуге, басқаларға ренжімей, дұрыс әрекетке шақырады.

Ыбырай Алтынсариннің «Нағыз адам» әңгімесінде құдықтан су алуға келген үш адамның бойындағы құндылықтар айқын көрінеді. Бірінші адамды «Нағыз адам» емес деу себебі, ол құдықтан өз шелегімен су алып ішіп, қария мен балаға су татытпай кеткені, өзімшіл сүйіспешілікті көрсетеді, екінші адамның құдықтан су алып, қария мен балаға су беріп, шелегін өзімен қайта алып кеткені арқылы ақын бұл жағдайда да әрекеттің дұрыс еместігін байқатып, ол адам тек қана шектеулі жандарға қызмет етуді көздейді, сүйіспеншілікті аймен теңегендегі сияқты тек біреудің көмегіне жауап ретінде, немесе шектеулі ортаға ғана қызметті қамтиды. Ал үшінші адам өз шелегімен құдықтан су алып ішіп, қария мен балаға су алып беріп, шелекті құдық басына тастап кетіп, сусаған барлық жандар шөлін қандырсын деп шелекті құдық басына тастап кетуінен риясыз сүйіспеншілікті көрсетеді. Ыбырай Алтынсариннің жалпы адамзаттық құндылыққа байланысты берілген әңгімелерінен мен шабыттанамын. Ыбырай Алтынсарин рухани құндылықты адамдарға өз әңгімелері арқылы жеткізе білген. Сүйіспеншілік – өмір негізі. Мен әр кезде өзімнің оқушыларыма күннің риясыздығын мысал етіп айтып, өмірде біз де сүйіспеншілікпен әрекет етуіміз қажет екенін үнемі түсіндіріп, осындай аңыз-әңгімелер арқылы көздерін жеткізуге тырысамын. Қандай жағдайда болсам да сабырлықпен әрекет етуге тырысамын. Өзімді қоршаған адамдарға барынша қызмет етуге тырысамын. Дәл қазіргі таңнан бастап өзімнің өмірдегі мақсатым – қызмет ету, рухани-адамгершілікпен әрекет ету екенін білген күнімнен бастап-ақ өмірге деген көзқарасымды күрт өзгерттім. Өз бойымдағы олқылықтарды жойып, «Нағыз адам» атына лайықты деңгейге жетуді мақсат етемін. Ақынның «Нағыз адам» дегені – бойындағы барлық құндылықтары үйлескен, ішкі тыныштығы орнаған, қиянат жасамайтын адам деп түсінемін.

Өзімнің тұла бойымда риясыз сүйіспеншіліктің нұрын шашуын адамдарға риясыз қызмет ете отырып қана шуағына бөленетініме сенемін.

Ешкім өз жұмысына құмар адамдар сияқты әлемді өзгертпейді. Оларды керемет қиындықтарды жеңуге мәжбүр ететін құмарлық пен сенім. Соның бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ақын шығармаларының рухани-адамгершілік білім беруде маңызы зор. Ғұлама шығармаларының барлығы дерлік оқырманын адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбек-сүйгіштікке, əділдікке, жақсылыққа, өнерпаздыққа, зеректікке, кəсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Жақсылыққа əуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.

Ақиқатқа жүгініп, сезімге берілмей дұрыс әрекет жасау, қиянат жасамай, риясыз қызмет ету. Мұның бәрі тек шығармаларынан ғана емес, ізгі педагогтың өмір жолынан да байқай аламыз. Ыбырай Алтынсарин жырлаған құндылықтар оның бойынан көрініс тапқан, кемел тұлға десем артық айтпағаным болар. Ақиқаттан туындағанның барлығы – Дұрыс әрекет. Адам өзін Парызға арнау тиісті. Ал біздің Парызымыз – риясыз қызмет ету, кемелдікке ұмтылу. Адамгершілікке әрекет арқылы тәрбиелеу, жүрек үніне үңіле білу. Оқушыларды ынтымақтастыққа, тәртіпке, әдетке, қанағатқа, парыз бен ризашылыққа, дұрыс ой мен сөзге бағыттау үшін ең әуелі өзімізден бастау қажет. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы маған берген әсері «Адамға ең бірінші керегі білім емес тәрбие». Ақын шығармаларының маған деген әсері өте зор, қай әңгімесін алсақ та, жақсы мен жаманды салыстыру, өмір суреттерін шынайы көрсету, қанағатшылдық, білімге деген құштарлық, адам бойындағы жақсы қасиеттерді әр адамға бағыттай білетін сөз жетпес байлық пен өсиет екені белгілі. Жақсы ойлап, жақсы сөйлеп, тек қана дұрыс әрекет жасағанда, ішкі тыныштық орнап, кемелдену шегіне жетпекпіз.

Объяснение: БОЛАДЫ МА

ШЛИИИ КОП ЕМЕС ПА

0,0(0 оценок)
Ответ:
shubiiin
shubiiin
17.04.2022 15:42

Тіл -әр  халықтың ұрпақтан -ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  қасиетті  құралы.  Оны әр  уақытта аялап  шұбарламай,  кейінгі ұрпаққа   жеткізу  біздің  борышымыз.

Міне осы бағытта мектепте 21.09–26.09.2015 қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту,  тілдік білім және білік дағдыларын бекіту, кеңейту, тіл туралы қосымша білімдерін алып, оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында  апталық ұйымдастырылып болып  өтті. Апталық барысында қазақ,орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері атсалысуыменашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шара және соңғы күнінде қорытынды кеш өткізді.Іс шараның мақсаты:мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін өсіру мен сөйлеу мәдениетін арттыру.Апталық барысында өткізілген ашық сабақтарда Кембридж әдіс-тәсілдері, «Блум» таксономиясы бойынша мұғалімдер «Сағат», «Сэндвич» әдістері, критериалды оқыту және бағалау, топтық жұмыстарын жүргізді. Сабақтарда әртүрлі щығармашылық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота