3-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, Айзек Азмовтын «Ақылды роботтардан пайда көру немесе зиян шегу адамдардың өзіне байланысты» деген пікіріне өз ойларыңды жазыңдар. Бірінші сөйлем. Менің ойымша, Екінші сөйлем. Себебі мен оны ... деп түсіндіремін. Үшінші сөйлем. Оны мен ... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен ... деген түйін жасадым.
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.